Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларға әлеуметтік оңалту көрсету мәселелері бойынша оқыту онлайн семинарларын өткізді.

Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларға әлеуметтік оңалту көрсету мәселелері бойынша оқыту онлайн семинарларын өткізді.

2020 ЖЫЛҒЫ 15-16 ҚАЗАНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ БҰҰ ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫМЕН БІРЛЕСІП ТЕРРОРИСТІК ӘРЕКЕТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫН ӨТКІЗДІ.

Семинар өңірлік мамандар үшін оқыту іс-шаралары сериясының логикалық жалғасы болды.

Аталмыш семинар «Балалардың мүдделерін ескере отырып, олармен өзара әрекеттесу» тақырыбында өтті.

БҰҰ ЕҚБ Өңірлік кеңсесінің халықаралық бағдарламалық үйлестірушісі Кун Маркверинг оқыту семинарына қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол балалармен одан әрі жұмыс жасаудың маңызды құралы ретінде өңірлік мамандарды қосудың жоғары өзектілігін атады.  

Оқыту семинарының спикері ретінде БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының «балаларға арналған сот төрелігі» секциясының құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық маман – үйлестірушісі Венди О'Брайен сөз сөйледі.

Семинарда террористік әрекеттен зардап шеккен балалармен жұмысты құрудың әртүрлі аспектілері қарастырылды. Сондықтан мәселелерге, бастапқы дайындыққа, жұмысты ұйымдастыруға құқықтық негіздерді қалыптастыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар психологиялық әдістердің балаларды әлеуметтендіруге әсері қаралды.

Семинарға қатысушылардың жалпы қамтылуы білім басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлерінен, мектеп директорларынан, сынып жетекшілерінен, психологтардан, әлеуметтік педагогтардан, тәрбиешілерден тұратын 350-ге жуық адамды құрады.