
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бірлескен жоспары шеңберінде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың әдістері туралы хабардарлықты арттыру мақсатында мектептердің педагог-психологтары 2020 жылдың 9 қазанында оқушылар мен ата-аналарға ақпараттық білім беру іс-шараларын өткізді.
«Балалардың психикалық денсаулығы» тақырыбында ата-аналармен онлайн кездесулер болып, ақпараттық материалдар мен бейнесабақтар таратылды. Сондай-ақ, 8-11 сынып оқушыларымен «Менің психикалық денсаулығым» тақырыбында онлайн сабақтар жүргізілді.
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында педагог-психологтар бірлескен жоспар шеңберінде әзірленген материалдарды пайдаланды.
Білім беру ұйымдары педагог-психологтарының Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған іс-шараларға қатысуы ата-аналарды психикалық денсаулықтың маңыздылығы және оларды нығайту дағдылары туралы хабардар етуге мүмкіндік берді.
Өйткені, бұл зорлық-зомбылықтың, суицидтік мінез-құлықтың және буллингтің алдын алуда маңызды құрамдас бөліктер болып табылады.
Сонымен қатар аталған белсенді ағартушылық ұстаным білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен психологиялық қызметтерінің мәртебесіне оң әсерін тигізеді.