ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

БҮГІН ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Б.АСЫЛОВАНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ.

Жиын барысында баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкінің жұмыс істеуі, сондай-ақ интернат мекемелері тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау мәселелері сынды қазіргі таңдағы өзекті мәселелер ​ талқыланды. ​

Әр бала ата-ананың махаббаты мен қамқорлығына мұқтаж. Сол себепті баланың мүддесіне байланысты құқықтарды іске асыру үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалуда.

Мәселен, 2017 жылдың қаңтарынан бастап арнайы Республикалық деректер банкі жұмыс істейді. Ол жерде 24 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер енгізілген. Оның ​ ішінде 4 287 балалар үйінің тәрбиеленушілері бар.

Деректер банкі бала асырап алуға тіркелген әрбір үміткерге балалардың сауалнамаларымен алдын ала танысуға, баламен қарым-қатынас жасауға және өтініш қалдыруға мүмкіндік береді. Соңғы 3 жылда Республикалық базадан 8 мыңнан астам балалар Қазақстан азаматтарының отбасына тәрбиеленуге берілді.

Өткізілген кездесудің екінші маңызды мәселесі интернаттық мекемелердегі тәрбиеленушілердің құқықтарын қамтамасыз ету болды.

Кездесуді қорытындылау барысында, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова барлық қатысушыларға балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауды, сонымен қатар балалардың ​ кез-келген құқықтарының бұзылу фактілеріне жол берілмеу керектігін ескертті.