
Әлеуетті асырап алушы ата-аналарды сапалы психологиялық даярлауды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 8 – 23 қазан аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ана үйі» қоғамдық қорының базасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметкерлерін оқытудың екінші кезеңін ұйымдастырды. Оқыту курсын онлайн форматта аяқтағаннан кейін тыңдаушылар білім беру ұйымдарының базасында әлеуетті асырап алушы ата-аналардың психологиялық дайындық курстарын өткізуге құқық беретін асырап алушы ата-аналар мектебі жаттықтырушыларының сертификаттарына ие болады.
«Ана үйі» ҚҚ Қазақстан Республикасының аумағында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруға жәрдем көрсету бойынша өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматтарын отбасына тәрбиелеуге қызметін жүзеге асыруға аккредиттелген.
Оқудың бірінші кезеңі ағымдағы жылдың маусым айында өтті, оның қорытындысы бойынша тренерлер курсынан 121 қызметкер өтті. Ал 1 шілдеден бастап жетім балаларға арналған 55 білім беру ұйымының базасында 92 үміткер білім алған асырап алушы ата-аналар мектебі ұйымдастырылды, 495-і оқуын жалғастыруда. Әлеуетті асырап алушы ата-аналар үшін топтарды іріктеу және қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.