
ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ, ҚР ДСМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫ (ЮНИСЕФ) МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ЦИКЛДЕРІН ЖАҢАРТТЫ.
Ұлттық жаттықтырушылар командасы (Кузьменко Л.П., Махатаева Ж.Т. және Грошева Е. А.) «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ҚБ техникалық қолдауымен «Қашықтықтан оқыту форматын ескере отырып, білім беру мекемелерінің психологиялық қызметінің жұмысын жоспарлау» және «Ата-аналардың балалардың психикалық денсаулығы туралы білімін арттыру» тақырыптары бойынша оқыту вебинарларының алғашқы екі циклін өткізді.
Вебинарларға Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан 2327 педагог-психолог қатысты (YouTub каналында екі тақырып бойынша вебинар жазбаларының қаралым саны - 4225).
Осы жылдың соңына дейін педагог-психологтар тағы 10 тақырып бойынша білім, сондай-ақ қосалқы ақпараттық материал алады деп жоспарлануда (жасөспірімдер мен ата-аналар арасында интернетке тәуелділік пен кибербуллинг профлактикасын жүргізу, балалар мен жасөспірімдердің бейімделуін қолдау, балалар мен ата-аналардағы стресс пен дағдарыстар, шығу жолдары, эмоциялық күйзеліс синдромының алдын алу және т. б.).
9 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында педагог-психологтар оқушылармен және ата-аналармен психикалық денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша онлайн сабақтар өткізеді.
https://covid-19.mentalcenter.kz вебсайттында педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету үшін «Мектеп психологының жұмысы» арнайы веб-парағы қызметін жалғастыруда. Онда вебинар материалдары, ата-аналарға арналған ақпараттық материалдар орналастырылатын болады. Сондай-ақ педагог-психологтарға онлайн консультация алуға мүмкіндік жасалған.