
Бүгін ҚР Білім және ғылым минситрлінің Балалардың құқықтарын құқықтарын қорғау Комитетінде ҚР Білім және ғылым министрінің вице-министрі Б. Асылованың басшылығынмен онлайн режимде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мекеме басшыларымен жиналыс өткізілді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымдарында ғана емес, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде де тәрбиеленуде.
Барлық осы ұйымдар үй жағдайына жақын, ақыл-ой, эмоционалды және физикалық дамуға ықпал ететін қолайлы жағдайларды жасаумен қатар, тәрбиеленушіліердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тапсырмаларды орныдайды.
Кеңес барысында денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін трансформациялау және жаңғырту, сондай - ақ балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру, соның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жәрдем көрсету және балаларды интернаттық мекемелерге орналастырудың алдын алу мен мекемелердегі балалар санын қысқарту балалардың құқықтарын қорғау мәселесінде өзекті болып табылады .
Осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілі бір дәрежеде ведомстволық бытыраңқылық пен жүйенің жабықтылығын ескере отырып, интернаттарды үй жағдайына жақындату үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелермен, барлық ұйымдармен тұрақты түрде кеңес өткізу жоспарланды және біз басқа ведомстволардағы әріптестерімізбен осындай кездесулерді ай сайын өткізіп тұруды шештік.