
2020 жылғы 17 қыркүйекте «Көшбасшылық пен адамгершілік» жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың республикалық көшбасшылар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс жұмысына білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э. А. Әзімова, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Р. П. Шер, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Е. Н. Иманғалиев қатысты.
Көшбасшылық кездесулердің онлайн форматының арқасында республиканың түрлі өңірлерінен келген балалар танысып, тіл табысты.
Балалар өз ұйымдарына енгізуді жоспарлап отырған қызықты идеялар мен жобалармен алмасты.
Кеңес басшылары бір-біріне жазғы демалыстарын қалай өткізгендерін және қызықты жобалар, бастамалар туралы айтып берді.
Отырыс қорытындысы бойынша көшбасшы балалар жаңа қызықты жобаларды қуана ұсынды, олар туралы біз әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардағы жарияланымдарымызда міндетті түрде айтамыз.