Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде буллинг және кибербуллинг мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдардың озық тәжірибесін тарату бойынша

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде буллинг және кибербуллинг мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдардың озық тәжірибесін тарату бойынша

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы, ҚР Білім және ғылым министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау үшін ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде буллинг және кибербуллинг мәселелері бойынша онлайн режимінде бірқатар семинарлар ұйымдастырды.

Мәселен, 9 өңірде (Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында) Street Law Kazakhstan адам құқықтары және балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау жөніндегі білім беру жобасының үйлестірушісі Х.К. Әжіғұлованың қатысуымен 4,5 мыңнан астам қатысушыны қамти отырып, балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша онлайн-семинарлар ұйымдастырылды.

Қатысушылар зорлық-зомбылықтың, буллингтің алдын алу және болдырмау жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен, педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтарға, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға, мектеп мұғалімдеріне, ата-аналар мен заңды өкілдерге арналған жадынамалармен, балаларға арналған кибербулингтің алдын алу бойынша онлайн және офлайн режимдердегі интерактивті сабақтардың әзірлемелерімен танысты.

Сындарлы диалог барысында семинарға қатысушыларға ата-аналар мен олардың ата-аналарына интернетте кибербуллингтен қалай қорғауға болатыны туралы кеңестер берілді, жеке консультациялар өткізілді, «Желілік қарым-қатынас мәдениеті», «Желідегі тіл тигізгені үшін жауапкершілік», «Тиімді өзара іс-қимылдың тәсілдері мен шарттары» тақырыптары бойынша ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп білім басқармаларының мамандары, Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары үшін вебинарлар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар бойынша проактивті шаралар қабылдау бойынша практикалық тренингтер ұйымдастырылды. Оқыту қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қызмет көрсету бойынша әзірленген стандартқа негізделген.

 Қатысушылардың назарына балалық шақ саласындағы проблемалық мәселелерді шешу жолдары, психологиялық алдын алу тетігі және қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың девиантты мінез-құлқының әртүрлі түрлерін психокоррекциялау ұсынылды.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.