ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ «АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЮРО» ҚҚ-МЕН БІРЛЕСІП, ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ.

Семинардың мақсаты – қиын ​ өмірлік жағдайға тап болған балалармен жұмыс жасайтын мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру.

Семинар Ұлттық алдын алу тетігі мүшелері Р.М.Ақылбекова, З.М.Байсакова, Н.К.Иминова, А.В.Муха және М.Т.Шакирова сынды тәжірибелі тренерлердің басшылығымен өтті.

Семинар барысында Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер: «Баланың негізгі қажеттіліктері. Баланың қажеттіліктерін бағалау», «Эмоционалды мінез-құлық ерекшеліктері бар балалармен психологиялық-түзету жұмыстарын жүргізу», «Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізу», «Мигрант балалардың құқықтары. Уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл кезінде мигрант балалардың мәселелерін шешу», «Жарақат алған, жақынын жоғалтқан балаларды оңалту жұмысы», сондай-ақ «Кәсіби таусылудың алдын алу және оны еңсеру» қаралды.

Семинар қатысушылары көкейлерінде жүрген барлық сұрақтарға жауап алып, тәжірибе, пікірлерімен бөлісті.

Барлық қатысушылардың алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!