Меню

Страницы

Статья

Республикада Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жыл сайын өткізілуде.

Жобаның мақсаты толеранттылыққа тәрбиелеу және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерделеу арқылы балаларды адамгершілік-рухани дамыту; барлық этностардың бір-біріне және қазақ халқына алғыс білдіруі, барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірімділігі, достығы мен махаббаты негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша іске асырылуда.

Алғыс айту күні қарсаңында музыканттардың, суретшілердің, спортшылардың, ғалымдардың, дизайнерлердің, мемлекеттік органдар мен мектептен тыс ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар, флэшмобтар, онлайн және офлайн іс-шаралар өткізіледі. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға басты назар аударылатын болады.

Білім беру ұйымдарында тақырыптық және ойын-сауық іс-шаралары, спорттық жарыстар, сурет байқаулары, балалар жұмыстарының көрмелері, мерекелік концерттер, балалардың қатысуымен театр қойылымдары, фильмдерді бірлесіп қарау және басқа шаралар ұйымдастырылады.

Жоба әрбір қатысушыға әр түрлі қызмет түрлерінде өз әлеуетін барынша іске асыруға мүмкіндік береді, балаларды, оның ішінде жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жаппай тартуға ықпал етеді.

Жоба шеңберінде мына республикалық іс-шаралар:

2022 жылғы 24 қаңтар – 28 ақпан – «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арасында қашықтан өткізіледі;

2022 жылғы 22-24 ақпан – «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізіледі;

2022 жылғы 22 ақпан – 24 ақпан – «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында өткізіледі.

Жобаны іске асыру – бұл балаларда құндылықтар жүйесін, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруға, жақсы эмоциялар атмосферасын құруға, шығармашылық бәсекелестікті дамытуға, жаңалықтардың пайда болуына бағытталған. Жобаға қатысу азаматтыққа тәрбиелеу, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру мәселелерінде балалар мен аға буын адамдарының бірлескен қызметін, өзара көмегін жандандырады.

Іс-шаралардың қорытындылары бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар жіберіледі. Жеңімпаз дипломдарының электрондық нұсқалары, жеңімпаз жетекшілеріне алғыс хаттар, барлық қатысушыларға сертификаттар www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: + 7 (7172) 64 27 32; 64 27 31; 64 27 22; rumcdo_nto@mail.ru.

Дата публикации
16 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 августа 2022
Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері
Ақпарат
16 февраля 2022
Республикада Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жыл сайын өткізілуде.

Социальные медиа

Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Телеграмм-чат "BALA QORGAU"

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы