Меню

Страницы

Статья

Жалпы білім беретін мектептерге бару проблемаларын зерделеу .

Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Бала құқықтары туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен еліміздің азаматтарына тегін жалпыға міндетті орта білім беруге кепілдік беріледі.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы                            11 шілдедегі № 324 бұйрығымен бекітілген) жергілікті атқарушы органдардың мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды орта білім алғанға дейін есепке алуды жүргізуі көзделген.

Сонымен қатар, ҚР Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін төртінші тоқсанда оқушылар қашықтықтан білім алды.

Білім алуда балалардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тоқсан сайын жүйелі түрде себепсіз сабақты босатқан (10 күннен астам) балалардың мониторингін жүргізеді.

Облыстардың, Астана және Алматы қаласы білім басқармаларының ақпараты бойынша 6973 білім беру ұйымдарында 3,3 млн. бала оқиды.

Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында 10 және одан да көп күн себепсіз мектепке бармаған мектеп жасындағы 155 бала анықталды, бұл оқушылардың жалпы санының 0,004% құрайды.

Мектепке бармайтын кәмелетке толмағандардың ең көп саны БҚО (33), Алматы қ. (29), Қарағанды (15), СҚО (14), Атырау (11), Түркістан (11) облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (11) анықталды.

Аталған кезеңдегі өткізілген іс-шаралар нәтижесінде (2020 ж.                     IІ тоқсан) мектепке бармаған 155 баланың 82-і қайта мектепке барса, (53%), 73 (47%) бала мектепке бармауды жалғастырған.

Жалпы білім беретін мектептерге бару проблемаларын зерделеу барасында балалардың себепсіз сабақты босатуы кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың басқа өңірлерге және елден тыс жерлерге көшуін (40 немесе 25,8%), оқуды қаламайтынын (16 немесе 10%), (15 немесе 9,6%) іздеуде болып табылатынын көрсетті.

Әсіресе көші-қон процестері балалардың Алматы қаласындағы (12 бала) және Батыс Қазақстан облысындағы (9 бала) мектептерге баруына әсер етті.

Діни себептер бойынша сабақты босатқан кәмелетке толмағандар анықталған жоқ.

Балаларды оқуға қайтару мақсатында республиканың білім беру ұйымдары мынадай іс-шаралар өткізеді:

  1. Материалдық қиындықтарға тап болған балалар үшін киім, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға көмек көрсетіледі (ҚРҮҚ 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64);
  2. Аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету мақсатында жыл сайын «Қамқорлық», «Мектепке жол» қайырымдылық акциялары өткізіледі;
  3. Жағдайы нашар отбасылардан шыққан балалар мектеп ішінде және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция бөліміне профилактикалық есепке алынады;
  4. Балаларды оқытқысы келмейтін ата-аналармен жеке әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
  5. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі, әлеуметтік қызметкерлер, сынып жетекшілер, педагогтар тарапынан оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау күшейтілді.

Балалардың мектепке келмеу мәселелері кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялардың отырыстарында үнемі қаралады.

 

Дата публикации
27 июля 2020
Дата обновления
27 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 августа 2022
Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері
Ақпарат
16 февраля 2022
Республикада Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жыл сайын өткізілуде.

Социальные медиа

Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Телеграмм-чат "BALA QORGAU"

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы