Меню

Страницы

Статья

Ересектер үшін қазір ең басты мәселе – үйде карантин жағдайында балалардың бос уақытын ұйымдастыру.

Ересектер үшін қазір ең басты мәселе – үйде карантин жағдайында балалардың бос уақытын ұйымдастыру. Үйде отыру тиімді болу үшін, бірден күн тәртібін мұқият ойластырып қойған жөн. Таңертең тұру уақытын белгілеңіз, сабақ уақыттарын анықтаңыз. Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушылары үшін күні бойына ойындар, қимыл-қозғалыс белсенділігін, сабақ түрлерін ойластырыңыз. Балалардың дене белсенділігі туралы да ұмытпаңыз, олар үшін қозғалмалы ойындар ұйымдастырыңыз. Бұл қарапайым әдеттегі жаттығу да, немесе музыкамен би билеу де болуы мүмкін. Бәрін баламен бірге жасауға тырысыңыз: түскі ас дайындау, үй ішін жинастыру, киімдерді ретке келтіру, ойнау. Бірге жасалған істер ата-ана мен баланы жақындастырады, баланы үй шаруашылығындағы аса қиын емес міндеттерді орындауға үйретеді. Ақыры, қызықты фильмдерді көру, кітап оқу, қолөнер жасау үшін де уақыт пайда болды. Бұл кезде фантазияны іске қосып, көңіл көтеру, демалу түрлерін ойлап табу қажет - бұл баланың жасына сәйкес үстел ойындары, аспаздықпен айналысу, тоқыма тоқу, оригами, сурет салу, квест және т.б. Бірақ мұның бәрі, әрине, ата-аналар тарапынан үлкен күш-жігерді талап етеді. Баланы бос уақытта немен айналдыруға болатынын алдын ала, кем дегенде бір апта бұрын ойластырып, жоспарлап қоюға тырысыңыз. Іс-әрекет түрлері қарапайым болуы мүмкін. Мысалы, ересек балаларға үй міндеттерін табыстап, оларды ересектік танытқаны үшін мақтап, көмегіне алғыс айтыңыз. Бүгінгі таңда Интернетте әртүрлі тақырыптарға арналған, соның ішінде балаларға қосымша білім беру туралы көптеген мастер-класстар ұсынылған. Бұл музыкалық және көркемдік білім, сәндік-қолданбалы өнер, техникалық шығармашылық, туризм және өлкетану негіздері бойынша сабақтар болуы мүмкін. Сіздерді балалармен бірге осы сабақтарға қатысуға шақырамыз. Баламен бірге ұсынылған нұсқаларды қарап шығыңыз. Оған өзін қызықтыратын, өзі орындайтын нәрсені таңдауға мүмкіндік беріңіз. Қазір әлемнің көптеген мұражайлары өз сайттарында виртуалды тегін экскурсия жасауға мүмкіндік беріп отыр. Үйден шықпай-ақ, Лувр жинағын тамашалап, көргендеріңізді баламен талқылауға болады. Құрметті ата-аналар! Сіздің алдыңызда қашықтықтан оқыту барысында шешуді қажет ететін бірқатар міндеттер тұр. Біріншіден, бұл пандемия жағдайында балалардың індет жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін денсаулық үшін қауіпсіз кеңістікті құру. Бұл жерде тек гигиена және дезинфекция ережелерін сақтау ғана емес, күн тәртібін, оқытуды, демалысты, дене белсенділігін дұрыс ұйымдастыру, компьютерлік тәуелділіктің алдын алу және т. б. туралы сөз болып отыр. Екіншіден, үйде оқып жатқан балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру. Карантин кезеңінде балаларға арналған тегін қашықтық порталдар мен жобалар, сондай-ақ ата-аналарға арналған білім беру бағдарламалары ұйымдастырылған. Тегін бейне оқулар және мастер-класстар, қашықтықтан өткізілетін байқаулар, психологиялық онлайн-тесттер, фитнес сабақтарына арналған онлайн-платформалар. Естеріңізде болсын, бұл қиын кезеңде бала үшін ең құнды – бұл ата-анамен бірлескен қарым-қатынас: кіші мектеп жасындағы балалармен ойындық қарым-қатынас, ортақ қызығушылықтар, жасөспірімдермен - әуестік және хобби. Ал сіз не таңдайсыз өзіңіз шешесіз - бірге сурет салу, жаттығу жасау, тәтті тағам дайындау немесе ағылшын тілінен бірге онлайн курстан өту. Бірлесіп уақыт өткізу сіздерге жағымсыз ойлардан арылуға, отбасылық өзара қарым-қатынасты реттеуге, бір-біріңізді тереңірек тануға көмектеседі. Алайда, барлық уақытта белсенді іс түрімен айналысу керек емес, балаға жеке кеңістік пен өз ісімен айналысуға да мүмкіндік беріңіз.

Дата публикации
07 апреля 2020
Дата обновления
07 апреля 2020
Тип
Жаднама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 августа 2022
Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері
Ақпарат
16 февраля 2022
Республикада Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жыл сайын өткізілуде.

Социальные медиа

Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Телеграмм-чат "BALA QORGAU"

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы