Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 20 мамырынан Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акция бастау алады.

Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 20 мамырынан Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акция бастау алады.
Халықаралық балаларды қорғау күнін Қазақстан Республикасында кең көлемде атап өту әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына мемлекеттік көңіл мен қамқорлықтың басымдылығын, Қазақстанның қатысушы мемлекет ретінде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясының ережелерін орындауға деген ұмтылысын растайды.
Акцияның мақсаты - мемлекеттік саясатты балалардың мүдделері үшін іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамның назарын аударуда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының күштерін біріктіру.
«Барлық жақсылық - балаларға» ұраны барлық мерекелердегі негізгі қағида болып табылады.
Республикалық акция қоғамға ұлты, жынысы, діні, әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан ӘР БАЛАҒА ерекше күтім жасау қажеттілігі туралы ескерту болуы керек.
Ерекше назар қиын жағдайдағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасыларға аударылады.
Республиканың барлық аймақтарында тақырыптық блоктарға біріктірілген қашықтық форматтағы келесі іс-шаралар өтеді: «Бала мен отбасы», «Балаға мейірімді қала», «Бала құқығы, адамдардың құқығы», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жолым!», «Қоғамның балалық шақты қорғауы», «Үздік болу құқығы», «Құқықтық сағат»,«Қазақстан балалары спортты таңдайды!».
Акцияның барлық бағыттары қоғамдық санада «бала», «балалар», «бақытты балалық шақ», «әр бала отбасында өмір сүруі керек», «балалардың құқықтарын қорғау», «құқықтар мен міндеттер» ұғымдарының құндылықтарын нығайтуға және белсенді балаларды тәрбиелеуге бағытталған. Акция белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді, мақтаныш сезімін, елдің жетістіктеріне қатысуға, өз халқының, қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз етуге, өмірлік бағытты дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралардың бейнелері мен фотоларын Youtube-тың арнайы «БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ҮШІН» каналында орналастыруға болады.
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді Акцияға қатысуға және әлеуметтік желілерден балаларды құттықтауға шақырамыз.
Қазақстандық отбасылардың құттықтаулары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми парағында орналастырылады.

 

Дата публикации
20 мая 2020
Дата обновления
20 мая 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 августа 2022
Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері
Ақпарат
16 февраля 2022
Республикада Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жыл сайын өткізілуде.

Социальные медиа

Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Телеграмм-чат "BALA QORGAU"

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы