2020 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылованың және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары О.Т.Ордабаевтың төрағалық етуімен орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру ережелерінің нормаларын тиімді енгізу, сондай-ақ Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша кеңейтілген онлайн кеңес өтті.
Кеңеске мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өкілдері, білім басқармаларының басшылары, Ішкі мемлекеттік аудиттің аумақтық департаменттері, үкіметтік емес ұйымдар, мектеп директорлары мен бухгалтерлері, сондай-ақ мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушілер қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 500-ге жуық адамды құрады.
Ережені әзірлеу кезінде Министрлік 20-дан астам жұмыс кеңесінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның барлық ұсыныстарын ескеруге тырысты.
Кеңес барысында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурстық рәсімдерді өткізу процесін автоматтандыру, өнім берушілердің өтінімдерін қалыптастыруға арналған құжаттар саны мен уақытын қысқарту, қаржылық бақылау органдарының жедел электрондық бақылауды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Өңірлер үшін оқыту жүргізілді.
Ары қарай балалар құқықтарын қорғау комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:
қалалық мектептерде асханалардың ас блоктарында бейнебақылау жүйесін орнату;
балалардың тамақтануына ата-аналық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізу;
Қаржы министрлігімен бірлесіп білім беру органдары мен ұйымдары, кәсіпкерлер үшін оқыту семинарларын өткізу.