ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША
ҚР Білім және ғылым министрлігі балаларды тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай электрондық форматына көшірді. Бұл қадам – конкурстың айқындылығын арттырып, құжаттар санын қысқартып, жеткізушілерге өтінім толтыруға жұмсалатын уақытты үнемдейі. Сондай-ақ, қаржылық бақылау органдары жедел электрондық бақылауды жүзеге асыра алады.
Конкурсқа қатысушылардың бірі конкурстық комиссияның әрекетіне шағым түсірген жағдайда, конкурсты жою, өнім берушімен шартты бұзу және уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жеңімпазбен шарт жасасу рәсімін тоқтата тұру бойынша нормалар енгізілді.
Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен органдарға, қызметтерді, тауарларды жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді.
Мектептерде тамақтануды ұйымдастыру туралы ата-аналарды хабардар ету үшін білім беру органдары мен ұйымдарының сайтында «Мектептік тамақтандыру» айдары, сондай-ақ «Күндік» жүйесінде ас мәзірі, тағамдардың фотосуреті, бракераж комиссияларының және ведомствоаралық сараптама топтарының актілері қоса беріледі.
Қалалық мектептер асханаларының ас блоктарында бейнебақылау жүйесі орнатылады, сондай-ақ балалардың тамақтануына ата-ананың бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі енгізіледі.
Білім алушыларға жедел және сапалы қызмет көрсету мәселелерін шешу үшін білім алушылардың санына байланысты аспазшылар мен ас блоктары қызметкерлерінің санына қойылатын талаптар қарастырылған. Мысалы, егер мектепте 1501-ден 2500-ге дейін білім алушы болса, онда өнім беруші кемінде 3 аспазшы мен 5 ас үй жұмысшысы қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
Өнім беруші ай сайын пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасын, конкурсты өткізу кезеңінде өзі мәлімдеген ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамын растайтын болады.
Министрлік ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп білім беру органдары мен ұйымдары, кәсіпкерлер үшін оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр.