Нұр-Сұлтан қаласы 11.06.2020 ж.
ПРЕСС-РЕЛИЗІ
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, ҚР ДСМ Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мектеп және колледж психологтарына арналған оқыту циклдарын аяқтады, олар еліміздің барлық өңірлері үшін дистанциялық режимде 2020 жылдың 4 мамырынан бастап бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде өткізілді.
Ұлттық жаттықтырушылар командасы (Л.П. Куземко, Ж.Т. Махатаева және Е.А. Грошева) «Жастар қызметкерлерінің қауымдастығы» ҚБ техникалық қолдауымен қашықтықтан режимде балаларға, жасөспірімдерге, ата-аналарға, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ педагог-психологтарға стрессті жеңуде, жасөспірімдердің суицидалды мінез-құлқының алдын алу, эмоциялық жану және т. б. мәселелері бойынша 47 онлайн оқыту семинарларын өткізді.
Педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету үшін https://covid-19.mentalcenter.kz сайтта психологтарға арналған практикалық ұсыныстар, жаттығулар және қосымша әдебиеттер орналастырылған жеке веб-бет құрылды.
Сайт сондай-ақ халыққа да, педагог-психологтарға да балалар мен ересектерді психологиялық сүйемелдеу мәселелері бойынша онлайн кеңестер береді.
Педагог-психологтар өздеріне берілген материалдың уақтылығы мен сапасын жоғары бағалады, сондай-ақ осы бастаманы жаңа оқу жылында жалғастыру туралы өтініш білдірді.