Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі
ведомствоаралық сараптамалық топтың қызметін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
Сараптамалық топтың міндеттері:
- бракераждық комиссиялар қызметінің мониторингі;
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылау;
- өңірдегі балалардың тамақтануын ұйымдастыру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- байқаушылар ретінде қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу;
- өңірдің білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзған қызметтерді жеткізушілердің есебін жүргізу.
Топтың құрамы қажет болған жағдайда өзгеруі мүмкін.
Сараптамалық топты білім басқармасының басшысы басқарады.
Сараптамалық топтың төрағасы немесе төрағасының орынбасары жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның қызметін үйлестіреді және Сараптамалық топқа жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.
Сараптамалық топтың хатшысы Сараптамалық топтың мүшелерін және шақырылғандарды отырыстың күні, күн тәртібі және басқа да мәселелер туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді, Сараптамалық топтың мүшелеріне шешімдердің жобаларын және өзге де құжаттарды жіберуді жүзеге асырады.
Сараптамалық топ мүшелерінің саны кемінде 7 адам, оның ішінде ата-аналар қауымдастығынан кемінде 3 адам болуы тиіс.
Комиссия құрамын жыл сайын жаңарту ұсынылады.
Сараптамалық топтың түрі:
- аудандық;
- қалалық;
- облыстық.
Ұйымдардың отырыстары мен мониторингін Сараптамалық топ қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізеді және егер оларға оның мүшелерінің 1/3 бөлігі қатысса, заңды болып саналады.
Сараптамалық топ келесі бару жоспарына сүйене отырып, тамақтану сапасын ұйымдастыру бойынша мониторингтің жоспар-кестесін жасайды:
Сараптамалық топтың шешімі қатысушы мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады және тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың актісімен ресімделеді.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Білім беру ұйымдарына барған кезде Сараптамалық топ білім беру ұйымының басшысын, қызметті жеткізушіні (бар болса) білім басқармасының мониторинг жүргізу туралы бұйрығымен таныстырады.
Сараптамалық топтың жұмыс нәтижелері туралы білім беру мекемесі, ата-аналар комитеті, қызметті жеткізуші (бар болса) хабардар етіледі.
- ата-аналардың (заңды өкілдердің) тамақтануды ұйымдастыру және оның сапасы туралы жұмысқа берген бағасын қамтитын шағымдарымен танысуға, олар бойынша түсініктеме беруге;
- қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде конкурстық комиссияға бақылаушы ретінде қатысуға құқылы.
Сараптамалық топтың тамақтанудың ұйымдастырылуына және сапасына мониторинг жасаумен айналысатын мүшелері актілерде ұсынылған фактілердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
- Сараптамалық топтың құрылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- Сараптамалық топтың бір жылға арналған жұмыс жоспары;
- отырыстар хаттамалары;
- жоспар-кесте;
- мониторинг актісі (ай сайынғы бақылау);
- жыл қорытындылары бойынша қызметті талдау.