Ұсыныстар «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

 «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар (бұдан әрі – Ұсыныстар) оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру – бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі.  Сонымен қатар бұл – балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байытуға мүмкіндік береді.

Ұсыныстардың мақсаты – күзгі каникул кезінде балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін әзірлеу, білім беру ұйымдарында шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.

Тапсырмалар:

1) күзгі каникул кезінде балалардың демалысын және жұмыспен қамтылу жүйесін сақтау мен тұрақтандыруға бағытталған жағдайларды жасау;

2) демалыс кезінде балаларды жұмыспен қамту, демалыс пен денсаулықтарын жақсарту бойынша әдістемелік қолдау көрсету;

3) күзгі каникул кезінде 1-11 сынып оқушыларының іс-шараларға, оның ішінде қашықтан қатысуын қамтамасыз ету.

Рекомендации «Қазақстан балалары – күзгі интерактив! - Дети Казахстана – осенний интерактив!» по организации отдыха, досуга и занятости детей в период осенних каникул
Дата публикации
26 октября 2020