«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Нұсқаулық террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің объектілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - қағида) террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру салаларындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерге қолданылады.»;

3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

 

 

 

«11) Хабардар ету жүйесі-террористік тұрғыдан осал объектідегі адамдарды төтенше оқиғалар (авария, өрт, дүлей зілзала, шабуыл, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы әрекеттер туралы жедел хабардар етуге (жарықпен және (немесе) дыбыстық хабарлама) арналған техникалық құралдар жиынтығы»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақтың 12) тармақшасымен толықтырылсын:

«12) тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар –қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, оқушыларды, персоналды және келушілерді тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Объектілердің меншік иелері, басшылары 6-тараудың 77-тармағына сәйкес 2-топқа жатқызылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығымен бекітілген  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 наурызда № 10371 болып тіркелген) Біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеке күзет ұйымдарымен кемінде үш жыл мерзімге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.

Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың немесе білім беру ұйымдарының күзет қызметтерін жүзеге асыруға көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес Білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде күзет қызметтерін және күзет пен сигнал берудің техникалық құралдарын сатып алуға арналған конкурстық құжаттамаға қойылатын үлгілік талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарттың жобасы қамқоршылық (ата-аналар) кеңесімен келісіледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «12. Объектідегі өткізу режимі объектінің әкімшілігімен Білім беру ұйымдарында өткізу режимін ұйымдастырудың үлгілік ережесіне және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес Келушілердің мінез-құлқы қағидаларына сәйкес әзірленетін өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады және объекті басшысының бұйрығымен бекітіледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Ұйымның басшысы Білім беру ұйымдарындағы өткізу режимін ұйымдастырудың үлгілік ережесі және келушілердің мінез-құлық қағидалары негізінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес, сондай-ақ қамқоршылық (ата-аналар) кеңесімен келісім бойынша өткізу режимінің тәртібін, оны ұйымдастыруға және бақылауға жауапты адамдарды айқындайды. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда, өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындау көзделеді.»;

14 және 15-тармақтар алып тасталсын;

77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«77. Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарын ескере отырып білім беру объектілері мынадай топтарға бөлінеді:

1) бірінші топқа персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700 адамға дейінгі білім беру объектілері жатады;

2) екінші топқа аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасқан, сондай-ақ, орналасқан жеріне қарамастан, персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700-ден астам білім беру объектілері жатады.»;

78 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«78. Бірінші топтың объектілері міндетті түрде мынадай құралдармен жарақтандырылады:

1) «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 қаңтарда № 10151 болып тіркелген) Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғауды құлақтандыру және халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін хабардар ету жүйесімен;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келетін полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне бейне-бейнені бере отырып, бейнебақылау жүйесімен;

 Бейнежазбаны полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне беруді қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, ішкі істер органдары жүргізген тексеру негізінде бұзушылық анықталғанда білім беру ұйымының басшысына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тапсырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз күн және он екі айдан аспайтын мерзімде айқындалады.

3) аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне шығара отырып, дабыл берудің мобильді және/немесе стационарлық құралымен (дабыл түймесі) қамтамасыз етіледі.

Күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне дабыл сигналы келіп түскен жағдайда, ішкі істер органдарын дереу хабардар етеді.

4) «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 827 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес көлік құралдарының жылдамдығын төмендету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Терроризмге қарсы қорғау шараларын күшейту қажет болған кезде білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес екінші топқа жатқызу үшін аумақтылығы бойынша терроризмге қарсы комиссияға өтініш жібере алады.

Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы аумақтылығына сәйкес ұсынылған материалдар негізінде білім беру ұйымын бірінші топтан екінші топқа ауыстыру туралы шешім шығарады.»;

79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«79. Екінші топтың объектілері осы тараудың 78-тармақтарында көзделген техникалық жарақтандыруға қосымша кіруді бақылау және басқару жүйелерімен, сондай-ақ тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдармен жарақтандырылады.

Білім беру ұйымының басшысы қамқоршылық (ата-аналар) кеңесімен келісім бойынша кіруді бақылау және басқарудың балама жүйелерін орнатуға құқылы.

Өрт туындаған жағдайда кіруді бақылау және басқару жүйелері «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24045 болып тіркелді) бекітілген техникалық регламентіне, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес адамдарды кедергісіз және уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз етуге тиіс.»

80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«80. Бірінші және екінші топтың объектілеріне ішкі істер органдары тарапынан тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптары сақталған жағдайда, «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат енгізіледі.

Сондай-ақ, білім беру объектісінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі туралы ақпараттық белгі орналастырылады.

Қажет болған жағдайда, білім беру ұйымының басшысы оқушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің сұрау салуы негізінде, бейнені мобильді құрылғыға бере отырып, бейнебақылау жүйесіне ата-аналардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Бейнені мобильді құрылғыға бере отырып, бейнебақылау жүйесіне қол жеткізу жөніндегі шығыстарды ата-аналар және өзге де заңды өкілдер төлейді»;

88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«88. Бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізбесінде № 21693 болып тіркелген) бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төмен техникалық шарттарына сәйкес келеді.

Ұйым басшысы бақылау камераларындағы бейнежазбалардың кемінде 30 күн сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбаларының жоғалуына жауапты болады.

Егер техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт болған жағдайда, міндетті түрде бақылау камераларын сақтау мерзімін және жарамдылығын сақтау жөніндегі талаптар көрсетіледі.»;

2-қосымшада 2-параграф 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Телефон арқылы қауіп-қатер алушының іс-әрекеті (басшы, қызметкер, педагог, білім алушы):

Әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және сөйлеу ерекшеліктерін белгілеңіз:

дауыс (қатты немесе тыныш, төмен немесе жоғары),

сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу),

айтылуы (айқын, бұрмаланған, кекештенген, сыбырлаған, екпінмен немесе диалектімен),

сөйлеу мәнері (бұзақылықпен, балағат сөздермен);

Дыбыстық фонға (автомобильдердің немесе теміржол көлігінің шуы, теле-немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар), қоңыраудың сипатына (қалалық, қалааралық) назар аудару маңызды.

Сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын белгілеу қажет.

Қалай болғанда да, әңгіме барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:

бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау шалады?

ол қандай нақты талаптар қояды?

жеке талап қояды ма, әлде делдал ретінде әрекет етеді ме және қандай да бір адамдар тобын ұсынады ма?

Ол немесе олар қандай шарттармен жоспардан бас тартуға келіседі?

онымен қалай және қашан байланысуға болады?

бұл қоңырау туралы кімге хабарлауға болады немесе керек?

Қоңырау шалушыдан сіз және мектеп басшылығы шешім қабылдау немесе қандай да бір әрекет жасау үшін мүмкін болатын ең көп уақытты алуға тырысыңыз.

Мүмкіндігінше сөйлесу барысында немесе әңгіме аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының «102» арнасына немесе «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және ұйым басшылығына телефон қатері туралы хабарлаңыз.

Білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлерін эвакуациялау жөнінде шаралар қабылдаңыз.»;

2-қосымшада 3-параграф 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Қауіп-қатерді жазбаша нысанда алушының әрекеттері (басшы, қызметкер, педагог, білім алушы):

Мұндай құжатты алғаннан кейін оны мүмкіндігінше мұқият ұстаңыз. Мүмкіндігінше оны таза, тығыз жабылатын полиэтилен пакетке салыңыз да, бөлек қатты қалтаға салыңыз.

Оған саусақ іздерін қалдырмауға тырысыңыз.

Егер құжат конвертте болса-оны тек сол немесе оң жағынан ашып, шеттерін қайшымен мұқият кесіңіз.

Осының бәрін сақтаңыз: мәтінмен құжатты,  кез - келген тіркемелермен, конвертпен және қаптамамен-ештеңені тастамаңыз.

Құжаттың мазмұнымен таныс адамдар шеңберін кеңейтпеңіз.

Ішкі істер органдарының «102» арнасына немесе «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлаңыз.

Білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлерін эвакуациялау жөнінде шаралар қабылдау.»;

жоғарғы оң жақ бұрыш 4-қосымшамен толықтырылсын:

 

«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметін жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулыққа 4-қосымша»;

4-қосымша тақырыппен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша»;

4-қосымшамен толықтырылсын:

«Білім беру ұйымдарындағы өткізу режимі туралы үлгілік ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Білім беру ұйымдарындағы өткізу режимі туралы осы Үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің заңды өкілдерінің, қызметкерлердің, жоғары тұрған ұйымдардың, тексеруші адамдардың және мектепке басқа да келушілердің, адамдардың білім беру ұйымының ғимаратына кіру, білім беру ұйымының ғимаратында жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын адамдардың, сондай-ақ автокөлік құралдарының білім беру ұйымының аумағына кіру-шығу режимі мен тәртібін айқындайды.
  2. Осы Үлгілік ереженің мақсаты білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлері үшін қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады.
  3. Осы Үлгілік ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Өткізу режимі – адамдардың рұқсатсыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), мүлікті әкелу (әкету) мүмкіндігін болдырмайтын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы.

2) баланың заңды өкілдері - ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, білім беруді, тәрбиелеуді, қорғауды жүзеге асыратын интернаттық мекемелер.

Жеке күзет ұйымымен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын білім беру ұйымдары үшін күзетшілер білім беру объектісін күзетуді жүзеге асырады, ал өткізу режимін тікелей орындауды вахтер жүзеге асырады.

  1. Білім беру ұйымдарында күзет қызметін жеке күзет ұйымымен лицензияланған күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан білім беру ұйымдарын қоспағанда, күзетшілер, ал өткізу режимін вахтерлер жүзеге асырады.
  2. Білім беру ұйымы объектісінің бейне, фото-түсірілімі (ішінде) оның басшысының жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.
  3. Білім беру ұйымының басшысы (немесе оның орнындағы адам):

1) өткізу режимін ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады және дербес жауапты болады;

2) осы Үлгілік ережемен, сондай-ақ техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін білім алушылар мен тәрбиеленушілер және олардың заңды өкілдерін, педагогтерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін, сондай-ақ келушілерді ұйым ғимаратының бірінші қабатының залында ақпараттық стенділерде, білім беру ұйымының ресми сайтында орналастыру арқылы таныстыруды қамтамасыз етеді;

3) анықтайды:

білім беру ұйымы объектісі қызметкерлерінің жұмыс кестесін;

жұмыс, демалыс және жұмыс емес мереке күндері объектінің кіреберісін ашу және жабу уақытын;

материалдық құндылықтарды енгізу (шығару), әкелу (әкету) тәртібін;

егер өзге де құқықтық актілерде көзделмесе, объектілерге әкелуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесін;

объектілердің ықтимал қауіпті учаскелерінің тізбесін (кіру қақпасы, кіру есігі, қосалқы шығу, бірінші қабаттың терезелері, жертөле үй-жайы);

білім алушылар мен тәрбиеленушілерді сабаққа және (немесе) ұйымдастырылған оқу қызметіне жаппай өткізуді жүзеге асыруға арналған орындар (Негізгі және қосалқы) және оларды бақылау тәртібін;

кіру учаскесін (кемінде екі негізгі учаске белгіленеді: Бірінші учаске - қызметкерлерге, білім алушыларға, заңды өкілдерге және өзге де келушілерге кіруге тыйым салынбаған ғимараттар, аумақтар, Үй-жайлар; Екінші учаске – адамдардың белгілі бір санатына кіруге рұқсат етілген ғимараттар және (немесе) үй-жайлар-электр қалқандары, қазандықтар, физика, химия кабинеттерінің зертханалары);

өткізу режимін тікелей орындауға жауапты тұлғаны;

4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» № 959 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелді) сәйкес жеке күзет ұйымымен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу кезінде күзетшілерге қойылатын талаптарды көздейді.

  1. Осы Үлгілік ереженің талаптарын сақтау білім беру ұйымдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін барлық қызметкерлер, білім алушылар мен тәрбиеленушілер, олардың заңды өкілдері, өз қызметін жүзеге асыратын немесе білім беру ұйымының аумағында басқа себептермен жүрген барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті.
  2. Көрсетілген уақытта білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жаппай өткізуді жүзеге асыру үшін орталық кіреберіс есіктерін және есіктерді ашуды/жабуды күзетші, күзет ұйымының күзетшісі, вахтер жүзеге асырады.
  3. Білім беру ұйымының аумағында бөгде адамдардың оның басшысының жазбаша және (немесе) ауызша келісімінсіз болуына жол берілмейді.

 

…………

 

5-тарау. Білім беру объектісіне заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді өткізу тәртібі

  1. Білім беру ұйымына заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жіберу қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Келушілерді қабылдау кестесін оқу жылының басында білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
  2. Заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымына жіберу оның жеке басын куәландыратын құжатты (не электрондық нұсқасын), сондай-ақ заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
  3. Вахтерлер, күзетшілер және (немесе) жеке күзет ұйымдарының күзетшілері, кезекші педагог, іс жүргізуші келген адам баратын мұғалімді және (немесе) әкімшілік өкілін көрсете отырып, "келушілерді есепке алу журналына" жазба жүргізеді.
  4. Заңды өкілдердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мұғалімдермен, тәрбиешілермен кездесуіне сабақтардан кейін және/немесе шұғыл жағдайларда сабақтар арасындағы үзіліс кезінде жол беріледі.
  5. Білім беру ұйымының ғимаратына ірі көлемді сөмкелері бар заңды өкілдерді кіргізуге, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінде (бар болса) қол жүгін (сөмкелерді, чемодандарды, заттары бар пакеттерді) қалдыруға және сақтауға жол берілмейді.
  6. Сабақ аяқталғаннан кейін балаларын қарсы алатын заңды өкілдер оларды көшеде немесе күту үшін арнайы белгіленген жерде (мектепке дейінгі ұйымдардағы топтың қабылдау бөлмесі) күтеді.

 

6-тарау. Білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өткізу тәртібі

 

  1. Білім беру ұйымдарының басшысы, оның орынбасарлары және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлері жұмыс уақытында білім беру ұйымының ғимаратында болады.
  2. Үлгілік ереженің 22-тармағында көрсетілген адамдардың жұмыстан тыс уақытта болуы «Қызметкерлерді есепке алу журналында» тіркеледі.
  3. Педагог қызметкерлер, тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшілері, білім беру ұйымы әкімшілігінің мүшелері вахтерлерге және (немесе) күзетшілерге, кезекші педагогтерге, іс жүргізушілерге білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген заңды өкілдерімен жоспарланған кездесулердің уақыты туралы, сондай-ақ ата-аналар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы ескертеді.
  4. Білім беру ұйымдарының басқа қызметкерлері білім беру ұйымының басшысы бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес объектіге келеді.

 

7-тарау. Жоғары тұрған ұйымдар, тексеруші тұлғалар және білім беру ұйымдарына басқа да келушілер үшін өткізу тәртібі

 

  1. Қызметтік қажеттілік бойынша білім беру ұйымына баратын білім беру қызметімен байланысты емес адамдар білім беру ұйымының басшысымен немесе оны алмастыратын тұлғамен келісе отырып, «Келушілерді есепке алу журналына» жазумен, бару мақсатын растайтын құжатты, жеке куәлікті көрсеткен кезде өткізіледі.
  2. Білім беру ұйымына тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдар жеке куәлікті, тексеруді тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде өткізіледі, бұл туралы «Келушілерді есепке алу журналына» жазба жасалады.
  3. Бұқаралық іс-шараларды, семинарларды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды өткізу және/немесе оларға қатысу үшін білім беру ұйымына баратын адамдар тобы білім беру ұйымының әкімшілігі ұсынған келушілер тізімі бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде білім беру ұйымының ғимаратына жіберіледі.

 

8-тарау. Автокөлік құралдары үшін өткізу тәртібі

 

  1. Автокөліктің білім беру ұйымының аумағына кіруіне-шығуына білім беру ұйымының басшысы рұқсат береді.
  2. Мектеп аумағына шектеусіз кіруге мектептің автомобиль көлігіне, жедел және авариялық қызметтердің: жедел медициналық жәрдемнің, өрт күзетінің, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасының көлігіне рұқсат етіледі.
  3. Әкімшіліктің өтінімі бойынша келген автокөлікті жіберу жүргізушілерден ілеспе құжаттарды (хаттар, өтінімдер, жүкқұжаттар және басқалар) және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алған кезде жүзеге асырылады.
  4. 30-тармақта көрсетілген көлік құралдарынан басқа, мектеп аумағында және қақпа жанында автомобиль көлігін қоюға тыйым салынады.

 

9-тарау. Білім беру ұйымының ғимараты мен үй-жайларында жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін өткізу тәртібі

 

  1. Жөндеу-құрылыс ұйымдарының жұмысшылары мен мамандары білім беру ұйымының басшысының келісімі бойынша білім беру ұйымының ғимаратына жіберіледі.

 

10-тарау. Карантин кезеңіне өткізу тәртібі

 

  1. Карантин кезеңінде білім беру ұйымдарында өткізу режимі облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының бас санитарлық дәрігерінің сол кезеңдегі қолданыстағы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады";

жоғарғы оң жақ бұрыш 5-қосымшамен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулыққа 5-қосымша»;

5-қосымша тақырыппен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулыққа 5-қосымша»;

5-қосымшамен толықтырылсын:

«Білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде күзет қызметтері мен техникалық күзет және дабыл құралдарын сатып алуға арналған конкурстық құжаттамаға қойылатын үлгілік талаптар

 

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде қызметтер мен тауарларды сатып алуды ұйымдастыру үшін, ең алдымен, олардың орындалу сапасын, сондай-ақ техникалық құралдардың ұлттық стандарттар мен заңнама талаптарын ескере отырып, олардың мақсаты бойынша функцияларды орындау қабілетін көздеу қажет.

Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын орындау кезінде оларды сатып алуға конкурс осы Талаптармен регламенттелген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес өткізіледі. Бұл ретте бағалар мен тарифтер күзет объектілерінің күрделілігін ескере отырып, аумақтық нарықтық орташа көрсеткіштерден есептеледі (аудан, білім алушылармен толықтыру, қашықтық және т. б.), демпингтік шектер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 6-тараудың 77-тармағына  сәйкес жарияланған бағалар мен тарифтер құны 20% - дан аспауға тиіс.

Күзет қызметтерін жеткізушіге қойылатын талаптар:

  1. Жеке күзет ұйымы күзет қызметтерін жеткізуші ретінде «Күзет қызметі туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңдардың талаптарына сәйкес келуі, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге құқық беретін бірінші кіші түрдегі күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы болуы тиіс.
  2. Жеке күзет ұйымы жалпы талаптармен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» № 959 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 наурызда № 10371 тіркелді) бекітілген күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келуі тиіс, оның ішінде:

1) күзет қызметтерін көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл.

2) орталықтандырылған бақылау пульті (шарт жасасу кезінде орталықтандырылған күзет пультінің, компьютерлік техниканың және күзет объектілерінде орнатылған бақылау аспаптарынан дабыл сигналдарын қабылдауды жүзеге асыру үшін тиісті бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуі үшін Меншік не жалға алу құқығында алаңның болуын растайтын құжаттарды ұсыну).

3) объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін жедел ден қоюдың кемінде екі штаттық мобильді тобы.

4) қайталанатын байланыс арналары, оның ішінде радиобайланыс.

5) қызметтік, оның ішінде атыс қаруы.

6) операторлардың штатында орталықтандырылған бақылау пультінің болуы (құжатпен расталады, штаттық орналастыру).

  1. Өнім беруші объектіде орнатылған дабыл құралдарын техникалық нығайту және жарақтандыру тұрғысынан тексеру жүргізуге міндетті.
  2. Өнім берушінің қаржылық орнықты болуы, тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауы және банкроттық рәсіміне жатпауы тиіс.
  3. Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру шарты болуға міндетті.
  4. Өнім беруші қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие болуға міндетті.
  5. Жеткізушінің полиция органының жедел басқару орталығына дейін өзінің немесе жалға берілетін деректерді беру арнасы (растайтын құжат) болуы міндетті.
  6. Өнім берушінің техникалық күзет және дабыл құралдарын монтаждау, баптау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларымен жұмыс істеуге рұқсаты бар техникалық мамандары (кемінде 2 адам) болуға міндетті.
  7. Кемінде 3 айда бір рет тапсырыс берушінің ғимараттары мен аумағының қауіпсіздігін бағалау және талдау жүргізу. Тапсырыс берушінің басшылығына жүргізілген бағалау туралы жазбаша қорытынды ұсыну. Қажет болған жағдайда ұсынымдар әзірлеу және тапсырыс берушімен келісім бойынша қызмет көрсетудің қолданыстағы режимдері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізу.
  8. Күзет қызметкерлерінің өз әдістемесіне сәйкес міндеттерін орындауын бақылау (жеке тексеру, байланыс құралдары арқылы тексеру және т.б.).
  9. Заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні күзету үшін тартылатын күзетшілерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру. Объектіні күзетуге денсаулық жағдайы, дене және моральдық-іскерлік қасиеттері бойынша белгіленген режимде білікті қызмет атқаруға қабілетті адамдарды жіберу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуді және құқық бұзушыларды ұстауды жүзеге асыру.
  10. Тапсырыс берушінің келісімі бойынша күзетшілердің жұмысын тиісті ынталандыруды қамтамасыз ету, оның ішінде ерекше еңбекқорлығы үшін көтермелеу және адамдардың өміріне, денсаулығына, материалдық және өзге де залалдарға төнетін қатерлердің алдын алу шараларын көздеу.

Физикалық күзетті ұйымдастыру үшін білім беру объектісінің негізгі кіру тобына күзет бекетін қоюға шарт жасасу ұсынылады. Бұл ретте екі күзетшіні пайдалану ұсынылады, олардың біреуі өткізу режимін қамтамасыз ету функцияларын орындайды, екіншісі – іргелес аумақ пен ғимарат ішіндегі бейнебақылау камералары арқылы бақылау, сондай – ақ қажет болған жағдайда ғимарат пен аумақты айналып өту. Бұл күзетшілер қауіп-қатерлерге және төтенше жағдайларға жауап беруді қамтамасыз етеді, бір-бірін алмастырады және еңбек заңнамасына сәйкес тамақтану және демалу кезінде бір-бірін алмастырады.

Бұдан басқа, күзет бекеттерін объект ғимаратына барлық қосымша кіру топтарында, объект аумағына және ықтимал қосымша объектілерге (паркингтер, жеке тұрған ғимараттар мен құрылыстар) жүретін жолда қою ұсынылады.

Техникалық күзет және дабыл құралдарын монтаждау, баптау және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптар.

  1. Жеткізуші міндетті:

1) ішкі істер органдарында күзет және сигнализацияның техникалық құралдарын монтаждау, баптау және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге қабілетті субъект ретінде хабарламалық тәртіппен тіркелуге;

2) қаржылық орнықты болуға, салық берешегі болмауға және банкроттық рәсіміне жатпауға тиіс;

3) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру шартының болуы;

4) мәлімделген қызметтерді көрсету үшін материалдық, техникалық базаға ие болуға;

5) тиісті еңбек ресурстарына ие болуға, оның ішінде Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларымен жұмыс істеуге рұқсаты бар техникалық мамандардың (кемінде 2 адам) болуына;

6) қажет болған жағдайда Тапсырыс берушіге заңнаманың, ұлттық стандарттардың талаптарына және Қазақстанның климаттық жағдайларына сәйкес келетін техникалық құралдарды сатып алу және орнатуды ұсынуға міндетті;

7) орталықтандырылған бақылау пультінің (бұдан әрі – ОБП) болуы;

8) объект пен ОБП арасындағы байланыстың, оның ішінде радиобайланыстың қайталанатын арналарының болуы;

9) күзет объектілерінен дабыл сигналдары түскен кезде жедел әрекет етудің мобильді топтарының шығуын қамтамасыз ету үшін жеке күзет ұйымымен шарттың болуы;

10) ай сайын белгіленген күзет және сигнализация техникалық құралдарының жарамдылығын жоспарлы тексеруді жүзеге асыруға;

11) белгіленген техникалық құралдарды тәулік бойы техникалық қолдауды қамтамасыз етуге міндетті;

12) күзет объектісінің энергиямен қамтамасыз етудің резервтік құралдарын пайдалану жөнінде қызметтерге тапсырыс берушінің әкімшілігімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы.  

Бұл қызметтерді жеткізушілерді өрт дабылы мен  хабарландыру құралдарын орнатуда және қызмет көрсетуде пайдалануға болады.

Білім беру объектісі орналасқан өңірдің аумағында жоғарыда көрсетілген талаптары жоқ күзет қызметтері мен күзет және сигнализацияның техникалық құралдарын орнату, монтаждау және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерді тартуға жол берілмейді.».

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Министр

 

 Ғ.Бейсембаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Дата публикации
27 октября 2023