|
|
2021 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асылованың Дүниежүзілік балалар күніне арналған брифингте сөйлеген сөзі. |
Баланы қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы
Құрметті брифингке қатысушылар!
Баланың, кішкентай азаматтың бостандығын қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету - кез келген мемлекеттің өркендеуінің негізі.
Жыл сайын 20 қарашада бүкіл әлемдік қоғамдастық БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысымен Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді.
Біздің еліміз де ерекшелік емес.
Тәуелсіздік жылдарында 15 халықаралық құжат ратификацияланды және олардың алғашқысы Бала құқықтары туралы Конвенция болды. Оның барлық баптары бүгінде еліміздің заңнамалық актілеріне енгізілген.
КЕПІЛДІКТЕР. Елімізде 0-ден 18 жасқа дейінгі 6 млн.330 мың бала бар.
Мемлекет олардың әрқайсысына ажырамас құқықтарға кепілдік береді - денсаулықты қорғау, өмір сүру, жеке бас бостандығы, даралық және оны сақтау, қажетті өмір сүру деңгейі, білім алу, отбасындағы тәрбие, мемлекеттік көмек, демалу және бос уақыт, тұрғын үй, сөз бен ар-ождан бостандығы, қоғамдық өмірге қатысу және басқалар.
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен кепілдіктерін реттейтін 45-тен астам нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) неке, отбасы және балалық шақ мемлекеттің қорғауында екені көрсетілген.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі баланың кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде заманауи денсаулық сақтау қызметтеріне, денсаулығын қалпына келтіруге, медициналық тексеруден өтуге, емделуге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге құқығына кепілдік береді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар, АҚТҚ жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын балалар білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау мекемелерінде тегін медициналық-педагогикалық түзету көмегін алуға құқылы.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасында өмір сүру және тәрбиелену, ата-аналармен қарым-қатынас жасау, өз пікірін білдіру, аты, әкесінің аты және тегі, сондай-ақ мүліктік құқықтары болу құқығын білдіреді.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы жастардың толыққанды рухани, мәдени және дене бітімінің дамуына жағдай жасауға арналған.
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы іс-әрекетін ЕСКЕРТЕДІ, балаларға құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер жасайды.
«Білім туралы» Заңы кәмелетке толмағандардың тегін жалпы орта білім алу құқығын және конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығын қамтамасыз етеді.
«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заңы барлық балалардың шығу тегіне, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына және тұрғылықты жеріне қарамастан тең құқықтары бар екенін жариялайды.
«Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы шетелдік бала асырап алу баланың мүдделері мен оның негізгі құқықтары сақталған кезде ғана, сондай-ақ балаларды ұрлауды, сатуды немесе адам саудасын болдырмау үшін орын алатынын мойындайды.
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу қолдауының нысандары мен әдістерін айқындайды, сондай-ақ балалардың мүгедектігінің алдын алуға бағытталған.
Бала құқықтары туралы конвенцияның қағидалары мен нормалары Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстерінде ескеріліп, азаматтық, отбасылық және басқа да құқық салаларында көрсетілген.
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен мыналар айналысады:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
- Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты;
- «Жергілікті жерлердегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл» рөлін атқаратын білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарлары;
- 9 министрліктер мен ведомстволар;
- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің 1000-ға жуық органдары мен ұйымдары.
Қазақстандық балалардың әл-ауқатын жақсартуда саны 300-ден асатын үкіметтік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады
Балаларды қорғау саласында еріктілер қозғалысы белсенді дамып келеді.
ҚР ДСМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. Соңғы 10 жылда (2010-2019 жылдар) нәресте өлімі төмендеу үрдісіне ие және 1 000 тірі туылғандарға шаққанда 16,54-тен 8,4-ке дейін екі есеге азайды.
2019 жылдың 9 айында алғаш рет диагноз қойылған 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың сырқаттанушылық деңгейі 100 000 адамға 19 163,8 жағдайды құрады.
Бүгін ҚР ДСМ жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларды үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыруда әмбебап-прогрессивті тәсілді енгізудің, балалардың тамақтануын жақсарту, семіздіктің алдын алу, жасөспірімдердің суицидінің алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізудің, мектеп медицинасы бойынша стандарттарды әзірлеудің, АИТВ инфекциясы кезінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырудың, мектептердегі санитария мен гигиенаның, балаларды дамыту кабинеттері мен орталықтарын әдіснамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
6 мыңнан астам мектеп медицина қызметкерлері балаларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді, созылмалы аурулар мен жарақаттардың асқынуы кезінде оқушыларға емханаға жолдама береді, профилактикалық және эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізеді.
Жыл сайын жүздеген мың мектеп оқушылары кәсіби тексеруден өтеді.
Мектептердегі балалардың тамақтану қауіпсіздігін ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау саласындағы мамандар қамтамасыз етеді. Тек 2 жылдың ішінде білім беру ұйымдарының 4 мыңнан астам ас блогы тексерілді.
ҚР ЕХӘҚМ. Балаларды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені БҒМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартымен регламенттелген әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызметтерді көздейді.
Баланы әлеуметтік қорғаудың маңызды құрамдас бөлігі әлеуметтік жәрдемақы төлеу болып табылады:
- әр баланы (балаларды) асырауға ай сайын қамқоршыларға - 10 АЕК;
- патронат тәрбиешілерге - жалақысы 40 мың теңгеден бастап.;
- бала асырап алушыларға - 75 АЕК (бір. 208 350 тг.);
- 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,4 ПМ (45 736 тг.);
- 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға - 1,4 КМ (45 736 тг.);
- асыраушысынан айырылу бойынша-0,86-дан 2,11 КМ-ге дейін;
- баланың туылуына байланысты біржолғы жәрдемақы - 38-ден 63 АЕК-ке дейін.
Бала тууына жәрдемақы барлық әйелдерге Жұмыспен қамтылу мәртебесіне қарамастан төленеді. 2019 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақыны 400 мың адам алды және төлем көлемі 43,8 млрд теңгеден асты.
Қолданыстағы заңнамада қарастырылған:
− бұрын қолданыста болған АӘК көрсету механизміне қайтару және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакетпен АӘК толықтыру арқылы қолданыстағы АӘК беру жүйесін өзгерту;
− көп балалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы АЕК-ке еселік мөлшерде, 42,5 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейін, отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған.
ҚР ІІМ. ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ. Балаларға зорлық-зомбылық жағдайлары туралы хабарлауға мүмкіндік беретін тетіктер 2013 жылдан бастап Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қоғамдық бақылау шеңберінде көзделген.
2019 жылы ҰАТ шеңберінде Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 32 ұйымға: 17 балалар үйіне, 10 отбасы үлгісіндегі балалар ауылына, 5 Жасөспірімдер үйіне барды.
Республика бойынша «мектептік» полиция инспекторларының штат саны 2036 бірлікті құрайды (қалада 1346, ауылда 687).
Қатыгез қарым-қатынас жағдайларына жедел ден қоюдың ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
2019 жылы «Денсаулық туралы» Кодекске, «Білім туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» және т.б. ҚР Заңдарына Әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасау фактілері немесе оларға қатысты құқық бұзушылықтар туралы дереу хабардар ету туралы норма енгізілді.
Барлық білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері, әкелер кеңестері, Медиация қызметтері жұмыс істейді, олардың міндеттері оқушылар арасында қолайлы ахуал жасау, жанжалды жағдайларға жол бермеу болып табылады.
Тұрақты негізде «Жасөспірім», «Бітіру кештері», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жұмыспен қамту» жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.
Зорлық-зомбылық құрбандары мен куәгерлерін қорғау тетігі заңнамалық деңгейде реттелген.
2008 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялады.
Балалардың 70% - дан астамы интернетті пайдаланады, ұялы телефондары мен компьютерлері бар, осылайша кибербуллинг, электрондық кеңістіктегі алаяқтық үшін ең осал болып табылады. Балалардың 6% - ы 2019 жылы виртуалды зорлық-зомбылық оқиғаларына тап болды.
Мемлекеттік органдар тарапынан интернет-ресурстарға, оның ішінде әлеуметтік желілерге деструктивті ақпаратты тарату мәніне мониторинг жүргізіледі. 2019 жылы 2 809 материалға қол жетімділік шектелген, олардың көпшілігі бала құқықтарының бұзылуымен байланысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша (ЖҰЖ-ның 128-тармағы) Министрлік қазіргі уақытта балаларды кибербуллингтен қорғау жөнінде заңнамалық шаралар қабылдауда.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕН. Қазіргі бала - бұл цифрлық ұрпақтың баласы, сондықтан қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру процесі күрделене түсуде. Мектепке дейінгі ұйымдардың алдында балаларды әлеуметтендірудің жеткіліксіз қарқындылығын өтеу міндеті тұр.
Республикада 10 719 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 6 269 мемлекеттік, 4 450 жекеменшік. Онда 825 742 бала немесе 1-6 жастағы балалардың жалпы санының 74,7% қамтылған.
Соңғы жылы балабақшалар саны 474 бірлікке (5%), шағын орталықтар саны 205 бірлікке (1%) артты.
Бүгінгі таңда инклюзивтік білім беруді ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және нормативтік тұрғыдан дамып келе жатқан қатарластарын бірлесіп оқыту деп атайды. Мұндай тәжірибеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар басқалармен бірге өсіп, дами алады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың 20,1% (1890 бірлік) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл 2015 жылға қарағанда 11% жоғары (9,1%).
Электрондық кезек – бұл мектепке дейінгі ұйымдардағы кезектілік проблемасын шешудегі және мектепке дейінгі білімге қол жеткізу кедергілерін азайтудағы алға жасалған қадам екені сөзсіз. Бүгінде 400 мыңнан астам бала кезекте тұр. Бірінші кезекте жеңілдік санатына педагогтардың балалары және мүгедек баласы бар отбасылардан шыққан балалар енгізілген.
2 503 (немесе 88,6%) балабақша бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.
МЖМБС-да білім беру салалары "Рухани жаңғыру" бағдарламасының, 4К модельдің міндеттерімен толықтырылды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту міндеттері кеңейтілді. Педагогтардың саны – 97 322 адам, олардың 65% жоғары білімді.
ОРТА БІЛІМ. Желі - 7 391 бірлік, жеке мектептер – 202 бірлік, Контингент-3,3 млн бала, жеке мектептер – 45,6 мың бала. 1 сыныпқа 363 423 бала келді.
195 764 бала контингентімен 2 833 ШЖМ жұмыс істейді. Оларды қолдау үшін 185 тірек мектеп ашылды.
Бүгінгі күні 3,4 млн.оқушының 72% (2,47 млн.) қашықтықтан, 28% (953 мың) дәстүрлі форматта оқиды, оның ішінде 647 мыңы кезекші сыныптарда, 3047 штаттық мектепте 306 мың оқушы.
Оқушылардың 100% жаңартылған мазмұнмен қамтылған (1-11 сыныптар).
10 өңірде дарынды балалармен жұмыс істейтін орталықтар ашылды.
Бірінші Республикалық пәндік онлайн олимпиадаға 150 мыңнан астам оқушы қатысты.
Педагогтар саны-347 мың адам.
2019 жылы республиканың 437 мемлекеттік және 80 жекеменшік мектебі жан басына қатысты қаржыландыруға көшті. Енді олардың бюджеті онда қанша бала оқитынына байланысты – әр балаға жылына орта есеппен 224 мың теңге бөлінеді.
Сметалық қаржыландыру кезінде орта есеппен бір оқушыға жылына 157 мың теңге болатын.
Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің әсері: а) қаржыландырудың теңдігі мен әділдігі; б) бала қандай мектепте және қандай жерде білім алатынына қарамастан, 1-ші оқушыға арналған шығыстарды теңестіру; в) мектептердің бәсекеге қабілеттілігі; г) педагогикалық ұжымның нәтижеге уәждемесі болады.
Мектептер жоқ шалғай аудандарда тұратын 25 мыңнан астам оқушыны жергілікті атқарушы органдар күн сайын тасымалдаумен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта 927 бірлік автокөлік пайдаланылады.
Қазақстанда ұлтына қарамастан барлық балалар білім алуға құқылы. Қазақстандық мектептерде 117-ден астам ұлттың балалары оқиды (қазақтар, орыстар, абазиндер, абхаздар, әзірбайжандар, ұйғырлар, кәрістер, өзбектер және басқалар).
ҚР азаматтары болып табылмайтын және еліміздің аумағына уақытша келетін 20 мыңнан астам мигрант балалардың білім алуына «Білім туралы» ҚР Заңының 8-бабымен кепілдік берілген.
Қазақстан 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенцияға қатысушы болып табылады және босқындардың негізгі құқықтарының, оның ішінде білім алу құқықтарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, олардың өз аумағына кіруіне рұқсат береді. 2020 жылы мектептерде «босқын» мәртебесі бар 731 бала оқиды.
Білім беру сапасын қамтамасыз ететін маңызды шарт материалдық-техникалық база болып табылады. 2019 жылы ҚР ҰБДҚ мәліметтері бойынша мектептердің 85,6% кітапхана, 73,4% спорт залдары, 78% асхана бар.
Жылдамдығы 4 мбит/с және одан жоғары кең жолақты интернет желісіне 2019 жылы мектептердің 99,1% құрады.
Оқулықтардың сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Жаңа білім беру бағдарламасына көшуге байланысты барлық оқулықтар жаңартылды: оларда QR-кодтар пайда болды, олардың көмегімен планшетке немесе мобильді құрылғыға жүктеуге болады. 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР БҒМ сайтында EPUB форматындағы 1-10 сыныптарға арналған оқулықтардың электрондық нұсқалары орналастырылған.
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ. Балаларға қосымша білім беру жүйесі балаларды қазіргі ақпараттық қоғамда өмір сүруге сәтті дайындайды.
Бос уақытты өткізу құқығын 1,03 млн баланы қамтитын 1 256 мектептен тыс мекеме жүзеге асырады. 70 мың үйірмеде 1,6 млн. оқушы қамтылған.
49,5% мектептердің спорттық секцияларымен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорттық турнирлерімен қамтылған.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Мектептен тыс ұйымдармен 6,5 мың жетім бала, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 5,6 мың бала, аз қамтылған отбасылардан шыққан 57,9 мың бала қамтылған.
Оқушылардың 68% балалар-жасөспірімдер қозғалысымен, оның ішінде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қозғалыстарымен қамтылған.
Қашықтықтан оқыту үшін мектептен тыс ұйымдар әртүрлі онлайн платформаларды пайдаланады: «Alpha Education», Zoom.us, Bilim media group, Google Docs, Яндекс.диск, google.classroom, Moodle, YouTube, Facebook, Instagram, Google, ZOOM, Яндекс және т. б. онлайн ресурстары.
Баланың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін 45 қашықтықтан, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен ауылдық жерлердегі балалар үшін конкурстар өткізілді.
ЖЕТІМ БАЛАЛАР. Құрметті брифингке қатысушылар!
Баланың маңызды құқықтарының бірі - оның ата-анасымен бірге тұру құқығы. Заңда белгіленген негіздер болмаған кезде бірде-бір мемлекеттік органның баланы ата-анасынан айыруға құқығы жоқ.
Биылғы жылы Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары жаңартылды.
5 жыл ішінде олардың саны 6039 балаға немесе 21% азайды (2015 жылы – 29 666 бала; 2020 жылы - 23 627 бала).
Балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына айналдыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жылдың өзінде осындай 13 мекеме оңтайландырылды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар желісі 5 жыл ішінде 47 бірлікке немесе 33% қысқарды (2015 жылы – 146 бірлік, 2020 жылы-98 бірлік).
Осы санаттағы жаңадан анықталған балалардың жалпы санынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасылық құрылғымен қамтамасыз етілген балалардың үлесі 9% артты (2015 жылы – 60%, 2020 жылы-69%).
Жыл сайын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің саны 5 жыл ішінде 3499 балаға немесе 43% азайып келеді (2015 жылы – 8066 бала, 2020 жылы – 4567 бала).
Қазіргі уақытта шетелдік бала асырап алу рәсімінің ашықтығы мақсатында Бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктерді аккредиттеу енгізілді. Шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды асырап алуы аккредиттелген халықаралық агенттіктер арқылы ғана мүмкін болады. 2020 жылы елімізде 12 шетелдік агенттік аккредиттелді.
2019 жылғы желтоқсанда ҚОБЖ-да жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі ұйымдардың қызметі заңнамалық түрде бекітілді. Аталған ұйымдар әлеуетті асырап алушы ата-аналарды психологиялық даярлауды жүзеге асырады және оларға тегін негізде құқықтық көмек, психологиялық және психологиялық-педагогикалық консультация береді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуетті асырап алушы ата-аналар міндетті түрде психологиялық дайындықтан өтеді.
Профилактикалық шараларды қамтамасыз ету үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының (11 бірлік), арнайы білім беру ұйымдарының (7), ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының (1), өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға арналған орталықтардың (17) желісі көзделген. Жыл сайын оларда өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала оңалту қызметтерін алады.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАР.
Мемлекеттің жіті назарында - ерекше білім беру қажеттіліктері мен менталды бұзылыстары бар балалар. Оларды әлеуметтендіру және оңалту үшін Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары іске асырылуда.
Білім беру жүйесінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 20,1% (1890 бірлік) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл 2015 жылға қарағанда 11% жоғары (9,1%).
4528 мектеп (64,92%) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады, 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20,2% артты (2016 жылы 3289 немесе 44,7%)
Мүгедек балалардың тең құқықтары бар: мемлекеттің оңалтуға (абилитацияға), әлеуметтендіруге, әлеуметтік бейімдеуге және қалыпты өмір сүру жағдайларына әлеуметтік интеграциялауға, әлеуметтік қызмет көрсетуге; кәдімгі және арнайы білім беру мекемелерінде тәрбиелеуге және оқытуға, денсаулықты қорғауға.
Мүгедек балаға оңалту әлеуетіне сәйкес оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жыл сайын 200-ге жуық баланы қамтитын тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған стационарлық үлгідегі 4 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 2 мыңға жуық баланы қамтитын психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған 16 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
Бүгінде елімізде 72 күндізгі болу ұйымында 2,8 мыңнан астам мүгедек бала медициналық қызмет алуда. Аталған бөлімшелерде психологтармен, дефектологтармен, логопедтермен, ЕДШ нұсқаушыларымен, массажистермен және т. б. жұмыстар жүргізіледі.
Сондай-ақ 1 мыңнан астам балаға Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 16 оңалту орталығы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Елімізде барлығы 199 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді, онда 13 мыңнан астам бала қызмет алады.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді 4,0 мыңнан астам балаға 181 үкіметтік емес ұйым ұсынады.
ШЫҒЫСТАР. ҚР Қаржы министрлігінің деректері бойынша, соңғы 5 жылда әлеуметтік салаға бөлінген шоғырландырылған бюджет сомасы екі есеге өсті (2015 жылғы 6 789,8 млрд теңгеден 2019 жылы 13 631,9 млрд теңгеге дейін).
Шоғырландырылған бюджеттің білім беру бағдарламаларындағы республикалық бюджеттің үлесі 26,2% құрайды, яғни білім беруге жұмсалатын шығындардың төрттен үш бөлігін жергілікті бюджеттер көтереді. 2019 жылы білім беруге арналған шығындардың үлесі шоғырландырылған бюджетте 17,1% құрады, бұл ретте білім беруге арналған шығындар сомасының өзі 2,3 трлн теңгеге дейін өсті.
Бала құқықтары туралы Конвенцияда балалар өмірінің негізгі аспектілерін экономикадан сот өміріне дейін реттеуге қатысты талаптар көрсетілген.
Құқықтарды декларациялаудан оларды іске асыруға көшу үшін Министрлік барлық салаларда балалардың мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алу бойынша Балалардың әл-ауқатының индексін әзірлейді.
Мұндай мақсаттарға қол жеткізу үшін басқарудың барлық деңгейлерінде бюджетте арнайы шығыстарды көздеу талап етіледі. Сондықтан оның «Балалар бюджеті» деп аталатын арнайы бөлімі қажет.
«Балалар бюджеті» - ата-ана мен баланы, балалы отбасыларды қолдауға, балаларды күтіп-бағуға және тәрбиелеуге мемлекеттің барлық шығындарын шоғырландыратын бюджетті бағдарламалық-нысаналы басқарудың (жоспарлауды, бағдарламалауды, талдауды қоса алғанда) жаңа әлеуметтік технологиясы.
ҚАУІПСІЗДІК. Баланың өмір сүру құқығы, мемлекеттің ерекше қамқорлығы мен көмегі, білім беру, отбасында үйлесімді даму және бақыт жағдайында тәрбиелеу – бұл өмірлік маңызды құқықтар. Бұл ретте әрбір қазақстандық баланың бірінші кезектегі құқығы оның қауіпсіз жағдайларға құқығы болып табылады.
Бүгінгі таңда балаларға қарсы, оның ішінде олардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік заңнамалық түрде күшейтілді.
Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның функциялары кеңейтілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг, кибербуллинг, суицид және зорлық-зомбылық сияқты ассоциялық құбылыстарға қарсы іс-қимыл жасауға ықпал ететін мектептегі психологиялық қызметтердің, қамқоршылық кеңестердің, медиация қызметтерінің жұмысына жаңа тәсілдер әзірленуде.
Осы және басқа да шаралардың барлығы Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасына енгізілген.
«ЕСТИТІН» МЕМЛЕКЕТ. Баланың есту құқығын жүзеге асыруда балалардың қоғамдық ұйымдары, балалар өкілдіктері, кеңестер мен форумдар, пікірсайыс клубтары ерекше рөл атқарады.
БҰҰ Комитетінің 2020 жылғы қазанда баланың пікірін есепке алу кезінде ең төменгі жасты жою жөніндегі ұсынымын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен 10 жастан 7 жасқа дейін төмендету бойынша түзетулер қолдау тапты.
Жаңа инновациялық коммуникациялық мүмкіндіктер қоғаммен, ата-аналармен және балалармен үнемі өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«BALA QORGAU» Telegram-чаты, білім басқармалары жанынан құрылған Сall-орталықтар, түрлі ұйымдарда ашылған Сенім телефондары, сайттар мен әлеуметтік желілер – осының барлығы «еститін» мемлекет қағидатын іске асырудың тамаша мүмкіндіктері.
Пандемия кезінде ғана көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан көптеген мұқтаж балалар мен ересектерге материалдық, құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді.
Құрметті брифингке қатысушылар!
Әрине, шешуді талап ететін бірқатар мәселелер әлі де бар, олардың көбін бүгін Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин айтты.
Кез-келген қоғамның ең қымбат капиталы - бұл балалық шақ, оның болашағы елдің болашағын анықтайды.
Бүгін Дүниежүзілік балалар күнінде біз бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды жас қазақстандықтарға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге шақырамыз.
Баршаңызға жақсылық, өркендеу және мықты денсаулық тілейміз!