Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тексерулері нәтижесінде 50 мыңнан астам баланың құқықтары қалпына келтірілді

2020 жылы білім беру саласының 411 нысаны ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тексерулерімен қамтылды.

Тексеру нәтижелері өңірлерде бұзушылықтарға жол берілетінін көрсетті:

-жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың оларды уақтылы орналастыру бөлігіндегі құқықтары;

- тұрғын үй алудың бірінші кезектегі құқығына кезекке қою мерзімдері;

- әлеуметтік жәрдемақы, алимент алу бөлігінде;

- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуға және әлеуметтік көмек алуға құқықтары;

- балалардың теңдестірілген және витаминделген тамақтану құқықтарын;

- сабақты себепсіз жіберіп алған балалармен жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, Комитет мамандары республикалық деректер банкінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 4 мыңға жуық сауалнамасын зерттеді. Барлық өңірлерге оларды дереу жою үшін ескертулер жіберілді.

Тексеру нәтижесінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы түрлі салаларда 50 мыңнан астам баланың құқықтары қалпына келтірілді.

Шымкент қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды дұрыс жүргізбеу фактілері, қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалардың сандық деректерінің сәйкес келмеуі анықталды.

2020 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент қаласы сотының қаулысымен жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 42 ұйымға бару арқылы бақылау тексерістерін жүргізу жоспарланған.

Права более 50 тыс. детей восстановлены в результате проверок Комитета по охране прав детей.
Дата публикации
30 декабря 2020