20 қазан 2026 жылы ауданымыздың "№ 3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі"КММ-де жас лингвистер мен тіл жанашырларының басын қосқан лингвистика олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Интеллектуалды жарысқа ауданымыздың мектептерінен ең дарынды және тіл біліміне қызығушылығы жоғары оқушылар қатысып, бақ сынасты.
Олимпиаданың басты мақсаты — мектеп оқушыларының лингвистикалық дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және әлем тілдерінің құрылымы мен заңдылықтарын тануға деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылар бейтаныс тілдердің грамматикалық жүйесін, жазу үлгілерін және сөзжасам құрылымдарын тауып, өздерінің аналитикалық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Үздік нәтиже көрсеткен № 4 ЖОББМ 8 класс оқушысы Нұрланұлы Еркебұлан - 1орын; "Д.Бабатайұлы атындағы ЖОББМ"КММ 9 сынып оқушысы Асхат Айару - 1орын; "Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы"КММ 10-сынып оқушысы Нурмухамбет Нұрай; №4 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Ербатыр Нұрсұлу оқушыларымыз облыстық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушыларды жоғары белсенділіктерімен құттықтаймыз және облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын жас лингвистерге сәттілік тілейміз!
2026 жылдың 13 қазанында «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.Бұл зияткерлік сайыс педагогтердің кәсіби дамуына, білім беру сапасын арттыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.Олимпиадаға аудан бойынша 39 педагог қатысты:химия пәні бойынша – 15 ұстаз;биология пәні бойынша – 17 ұстаз;химия-биология пәндері бойынша – 7 ұстаз.Сайыс барысында қатысушылар өздерінің пәндік білімдерін, кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерін жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған жеңімпаздар:
Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылғы 9 қазанда «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «ИНКЛЮЗИЯ: ҚҰЖАТТАН — ӘРЕКЕТКЕ, ӘРЕКЕТТЕН — НӘТИЖЕГЕ» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж. Маликова, әдістемелік кабинетінің әдіскерлері А.Амреева, Э.Калиханова, педагогтар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, дефектологтар қатысты.
Семинардың мақсаты: Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін тәжірибе арқылы көрсету. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға сапалы білім алуға қолайлы орта қалыптастыруда әкімшілік, педагог, психолог және тәрбие қызметінің өзара кәсіби ынтымақтастығын нығайту. Нормативтік талаптарды нақты мектеп тәжірибесіне енгізу және тиімді педагогикалық тәжірибелермен алмасу. Күн тәртібінде: OPEN SCHOOL: «Мектепішілік бақылау жүйесінде инклюзивті білім беруді басқару» тақырыбында білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Маликова, «Инклюзивті орта құру: нормативтік және практикалық қадамдар» тақырыбында «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ісінің меңгерушілері С.Ешенгалиева, А.Нұрқамбаева, А.Анкебаева, «Заң және тәртіп – инклюзивті білім берудің негізі: әр баланың құқығы мен тең мүмкіндігін қамтамасыз ету» «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбие ісінің меңгерушісі А.Жумангазина, «Инклюзивті орта – әр балаға мүмкіндік: тәрбие жұмысының жаңа бағыты» тақырыбында «Е.Рахмадиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Таирбекова коучингтар жүргізді. Сонымен қатар, «М дыбысы мен әрпі» тақырыбында педагог-сарапшы санатындағы бастауыш сынып мұғалімі А.Лебаева, «10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту. Күзгі кеппешөп» тақырыбында педагог санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Т.Сүйеубергенова, «Қозғалысқа берілген есептер» тақырыбында педагог санатындағы бастауыш сынып мұғалімі А.Төкенова ашық сабақтары өткізілді. «№1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Н.Рахимжанова Workshop «Бір сабақ-әр бала:тапсырманы бейімдеу, саралау және бағалау»тақырыбында шеберлік сағатын, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің педагог-психолог М.Бекежанова «Қабылдау. Түсіну. Қолдау — инклюзиядағы психологиялық қолдау» тақырыбында, «№5 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ педагог-дефектологы Э.Агиязова Эльвина «Заманауи цифрлық технологиялар–дефектологтың түзете-дамыту жұмысындағы тиімді құрал» тақырыбында практикалық жұмыстар жүргізілді. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Маликова қорытындылап, бүгінгі өзекті тақырыптар білім мекемелерінде инклюзивті және арнайы білім ЕБҚ оқушылармен жұмыс барысында басшылыққа алуды тапсырды.
Семинарда өз іс – тәжірибесімен бөліскен педагогтарға Аягөз аудандық білім бөлімінің тарапынан сертификаттар табысталды. Семинарды ұйымдастырушы «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жарова Назигуль Муратбековнаға және мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді.
Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың қазан айының 14 күні «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де «Әр баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау, сала мамандарының тәжірибесін ортаға салу, ата-аналарға нақты бағыт-бағдар беру және қауіпсіз тәрбиелік ортаны қалыптастырудағы ортақ жауапкершілікті нығайту. Дөңгелек үстелге Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев, оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскерлері А.Е. Амреева, Э.С. Калиханова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- психологтар, әлеуметтік педагогтар, ата – аналар, сынып жетекшілер қатысты. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге Аягөз аудандық дін зерттеу бөлімінің меңгерушісі Жанатаев Мұрат Жақсылықұлы, Аягөз аудандық орталық ауруханаға қарасты «Үміт» жастар орталығының салауатты өмір салты (ЗОЖ) маманы, психолог Ахметова Жадыра Болатбековна, Аягөз аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Каспи Назерке Кәдіржанқызы, Жастар ресурстық орталығының әдіскер маманы Динара Ерболқызы арнайы мамандар қатысты.
Кездесу барысында төмендегідей өзекті тақырыптар қамтылды: Н.Азимбаев Бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі білім беру ұйымдары мен ата-аналардың ортақ жауапкершілігі, тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері туралы айта келіп, педагогтарға бір қатар тапсырмалар берді. М.Жанатаев «Жасөспірімдерді діни радикалды ықпалдан қалай қорғаймыз?» тақырыбында баяндама оқып ата-аналарға арналған жадынамалар таратты. Ж.Ахметова «Баланың денсаулығы – басты құндылық: медициналық қауіпсіздік және алдын алу. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды ақпараттар ұсынып, қатысушылармен тренинг жүргізіп, жадынама ұсынды. Н.Каспи «Жасөспірімдердің құқықтық қауіпсіздігі: құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеттері мен жауапкершілігін түсіндірді. Д.Ерболқызы «Қауіпсіз орта – тиімді бос уақыт: жастарды қолдаудың мүмкіндіктері» тақырыбында сөз сөйлеп, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, пайдалы бастамаларға тарту, шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру мүмкіндіктерімен бөлісті. Кездесу барысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір ғана мекеменің міндеті емес, барлық тараптың үйлесімді әрекетін талап ететін ортақ жұмыс екені айқындалды. Әрбір ата-ананың баласымен ашық қарым-қатынас орнатуы, оның мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуы, ал мектеп пен тиісті мекемелердің өзара ынтымақтастықта әрекет етуі – қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы негізгі бағыт екені жеткізілді.
Дөңгелек үстел соңында әдіскер А.Амреева келген қонақтарға алғыс білдіріп, бірлескен іс-қимыл мен ортақ мақсат арқылы ғана әр балаға қауіпсіз, қолайлы әрі сенімді орта қалыптастыра аламыз деп түйіндеп, іс-шара ұйымдастырушы «№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің директоры Қ. Тастанбековке және мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді.
2026 жылдың 12 қазан күні Аягөз аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “№5 ЖОББМ” КММ -да “Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты- қазақ тілі мен ұлттық өнерді құрметтейтін, шығармашыл, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау,қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау. Нәтижесінде:
“Ұлттық аспапта өнер көрсету” бөлімі бойынша І орын иеленген “Е.Рахмадиев ат. ЖОББМ” КММ-ның 9- сынып оқушысы Мұратхан Кәусар. Жетекшісі: Есимова Б.С.
«Ақындар мүшәйрасы» бөлімі бойынша І орын «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-ның 10-сынып оқушысы Мұхтар Кәусар алды. Жетекшісі: Бармашикова П.Ш.
«Шешендік өнер және сөз сайысы» бөлімі бойынша І орынды «Мектеп жанындағы интернаты бар ЖОББ№6 мектебі» КММ-ның 10-сынып оқушысы Аманғали Мерей иеленді. Жетекшісі: Нокербекова С.Қ
«Көркемсөз оқу өнері» бөлімі бойынша І орын алған «№1 ЖОББМ» КММ-ның 11-сынып оқушысы Каримбеков Таңатар. Жетекшісі: Аманбаева Г.О.
«Эссе және әдеби ойлау» бөлімі бойынша І орын алған «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-ның 11-сынып оқушысы Ерсайн Амина, жетекшісі Анкебаева А.
Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.
2026 жылы 8 қазанда Абай облысы Аягөз ауданы оқу, ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес "№3 ЖОББАМ" КММ базасында Мұхтар Әуезов шығармашылығына арналған "Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі" атты облыстық шығармашылық байқауының аудандық байқауы өткізілді.Байқау мақсаты: Ұлы жазушы, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, ғылым қайраткері М.О.Әуезов шығармашылығын дәріптеу, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұраларының құндылықтарын халыққа жеткізу және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқаудың аудандық кезеңіне жалпы білім беретін ұйымдардың 5-11- сынып оқушылары қатысты.Байқау төрт бағыт бойынша өткізілді:
1. "М.Әуезов шығармаларынан сахналық қойылым "
2. " М.Әуезов шығармалары суретшілер көзімен" суреттер байқауы.
3. " Заңғар жазушы ізімен..." - эссе жазу
4. " Мұхтарға жыр арнау бір бақыт...." - жас ақындар байқауы;
Байқау өте тартысты өтті. Қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
1. «М.Әуезов шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша:
I орын. “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ оқушылары
2. " М.Әуезов шығармалары суретшілер көзімен" суреттер байқауы.
I орын. Мәулетбек Аяла “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы”КММ
3. "Заңғар жазушы ізімен..." - эссе жазу бағыты бойынша.
IІ орын. Халелова Гүлім “Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ
4. " Мұхтарға жыр арнау бір бақыт...." - жас ақындар байқауы бойынша. І орын. Амангелдинов Мирас. “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы” КММ
Жүлдегер оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!
Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік!
Аудан абыройын асқақтатып қайтуға тілекшіміз!
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-де 05.10.2026ж ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі республикалық Махамбет оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – Махамбет Өтемісұлының әдеби,тарихи және рухани мұрасын насихаттау, оқушылардың ұлттық сана-сезімін, шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын және азаматтық ұстанымын насихаттау. Сондай-ақ мектеп оқушыларының бойында ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, олардың шығармашылық, көркемсөз және музыкалық қабілеттерін шыңдау болып табылады.Қатысушылар алдын-ала белгіленген уақытта тіркеліп, бағдарлама бойынша мектеп акт залында сайысымыздың ашылу салтанаты болып өтті.Аягөз ауданы оқу,ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жақсыбаева Бибігүл Мырзабекқызы ашылу салтанатында сөз сөйлеп, сайыс барысымен таныстырып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Жыр мен өнер додасына жиналған дарынды оқушылар қатысып, өз бақтарын 5 негізгі бағыт (номинация) бойынша сынады:
1. «Нарында» – Махамбет шығармаларының желісі бойынша иллюстрациялық суреттер салу;
2. «Ел құтқарар ер едім…» – ақынның отты жырларын жатқа оқу және орындаушылық шеберлік;
3. «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбеттің күйлерін домбырада шебер орындау;
4. «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу сайысы;
5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңнен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер» немесе «Батырлар» тақырыптарының бірі бойынша зерттеу жұмысын қорғау.
Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
1. «Нарында» бағыты бойынша:
I орын Тұрсынов Айбар 10-сынып «№ 7 ЖОББМ» КММ
II орын Серікболат Шұғыла 11-сынып «№ 5 ЖОББМ» КММ
III орын Карменова Айзере 10- сынып «№ 11 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
2. «Ел құтқарар ер едім…» бағыты бойынша:
I орын Серғазы Айзере «Мыңбұлақ ЖОББМ»КММ
II орын Еркінова Ақниет «Шыңғожа ЖОББМ»КММ
III орын Мұхтар Кәусар «Е.Рахмадиев атындағы ЖОББМ»КММ
3. «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша:
I орын Базарбеков Заңғар 11-сынып «Қалалық көпбейінді қазақ-мектеп гимназиясы»КММ
II орын Аманжолова Аймара 9- сынып «Мектеп жанындағы интернаты бар
жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ
III орын Аманғазы Кәусар 10- сынып «С.Ғаббасов атындағы ЖОББМ»КММ
4. «Тартынбай сөйлер асылмын…» бағыты бойынша:
I орын Хамит Шұғыла 11- сынып «Дулат Бабатайұлы атындағы ЖОББМ»КММ
II орын Амангелдинов М 10- сынып «Қалалық көпбейінді қазақ-мектеп гимназиясы»КММ
III орын Ағыбай Айару 8- сынып «№10 қазақ мектеп -гимназиясы»КММ
5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңнен өткен ер» бағыты бойынша:
I орын Күмпейсова Айназ 10-сынып «№ 5 ЖОББМ»КММ
II орын Дүйсенбекова Еркежан 10- сынып «№10 қазақ мектеп -гимназиясы»КММ
II орын Байтөлеуов Елдос 8- сынып «№ 3 ЖОББМ»КММ
III орын Түгелханова Айгерім 11- сынып «Шыңғожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
III орын Бақытбек Әдемі 9- сынып «Б. Майлин атындағы ЖОББМ»КММ
III орын 9- сынып Ернай Алтынай «Қалалық көпбейінді қазақ-мектеп гимназиясы»КММ.
7-9 қазан күндері ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өтуде.
Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Білім додасына Аягөз ауданына қарасты 24 мектебінен бірінші кезеңінен өткен 363 оқушы қатысады.Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ауа-райы жағдайы қатаң қадағалануда.
Бұл кезең - оқушылардың білімін сынап, өз қабілеттерін көруге мүмкіндік беретін маңызды баспалдақ.
Олимпиада 13 пән бойынша өтеді. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 6 пән бойынша қатысушыларға 90 минут, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша 60 минут уақыт беріледі.
Білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев және білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Ы. Маликова, әдіскер Б.М.Жақсыбаева барлық қатысушыларға жоғарғы нәтиже, жаңа белестер мен сәттілік тіледі.
Қазан айының 7-күні кестеге сәйкес информатика пәнінен 28 оқушы, физика пәнінен 19 оқушы, химия пәнінен 21 оқушы, география пәнінен 44 оқушы қатысуда.
Білім бәйгесінде жеңіс тұғырынан көрініңіздер!
Білім алушыларға сәттілік тілейміз!
Аягөз ауданында Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты аудандық салтанатты мерекелік жиын өтті.
Мерекелік шара ұстаз еңбегін дәріптеп, педагог мәртебесін арттыруға және білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетуге арналды.
Салтанатты жиында Аягөз ауданының әкімі Айбек Серікболұлы Нұғымаров ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Абай облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарын аудандық мәслихат төрағасы Архат Әлімғазыұлы Ибрайшиннің қатысуымен табысталды.
Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрғали Тілекқалиұлы Әзімбаев халықаралық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына арналған сыйақы сертификаттарын мен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының марапаттарын табыстады.
Мерекелік кеште жасанды интеллект көмегімен әзірленген әсерлі бейнеролик, өнерпаздардың музыкалық тартулары, Өнер мектебінің биі және «Жас ұстаздың бір күні» атты әзіл-скетч ұсынылды.
✨ Ұстазға құрмет – ұлтқа құрмет!
28.09.2026 ж аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес аудандық мәдениет үйінде «Тілдер шеруі - достық пен бірліктің белгісі» тақырыбында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған аудандық мерекелік іс-шара болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен басталды. Жыл бойы түрлі тілдік, шығармашылық және танымдық сайыстарға, байқаулар мен іс-шараларға белсене қатысып, аудан көлемінде өз өнері мен білімін көрсеткен ұстаздар мен оқушыларды аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттау үшін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Әділжан Асхат Әділжанұлына сөз берілді.
Сахна төрінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бейнесі сомдалып, оның қазақ халқының руханияты мен тіл біліміндегі өлшеусіз еңбегі дәріптелді. Сонымен қатар, мектебіміздің ардагер ұстазы Алпысбаева Жанар Саяжанқызы дайындаған қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай қаламгердің «Тағдыр» романынан сахналық көрініс ұсынылды. Әдеби қойылым жазушының шығармашылық мұрасын ұлықтап, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Кештің сәнін ән мен би көркемдеп, өнерпаздардың өнері мерекелік шараның мазмұнын аша түсті. Ал шара соңындағы 5-6 сынып оқушыларының орындауындағы хор бірлік пен татулықтың жарасымды көрінісіне айналды.
Іс-шара ұйымдастырушылары «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ-не аудандық білім бөлімі алғыс білдірді. Іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.