«Білім алушылардың психикалық денсаулығын нығайту, психоэмоционалдық бұзылыстардың алдын алу және қауіпсіз қолдау ортасын қалыптастыру. Педагог-психологтардың кәсіби дамуы мен табысты жұмыс тәжірибелерін насихаттау»

«Білім алушылардың психикалық денсаулығын нығайту, психоэмоционалдық бұзылыстардың алдын алу және қауіпсіз қолдау ортасын қалыптастыру. Педагог-психологтардың кәсіби дамуы мен табысты жұмыс тәжірибелерін насихаттау»

      28.03.2025 жылы Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Білім алушылардың психикалық денсаулығын нығайту, психоэмоционалдық бұзылыстардың алдын алу және қауіпсіз қолдау ортасын қалыптастыру. Педагог-психологтардың кәсіби дамуы мен табысты жұмыс тәжірибелерін насихаттау» тақырыбында «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық психологиялық қолдау кабинетінде педагог-психологтардың әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік отрысқа әдіскері А.Амреева, 17 педагог-психолог офлайн,    16 психолог онлайн қатысты. Қаралған  мәселелер: Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, буллинг және суицидтің алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту жолдары. Амреева-оқу,ғылыми,ұйымдастырушылық,  әдістемелік кабинетінің әдіскері. «Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, девианттық мінез-құлықтың, қауіп-қатерлердің алдын алу және кәсіби құзыреттілікті арттыру» тақырыбында «Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің педагог-психологы Смаилов Рауан Асхатович баяндама оқып өз АСППМ практикасымен бөлісті.  «Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің педагог-психологы Жастабанова Алия Оспановна «Арт-терапия – шығармашылыққа негізделген психотерапиялық және психологиялық түзету» тақырыбында шығармашылық жұмыс жасады. «Дағдарыс жағдайындағы психологиялық көмек: зорлық-зомбылық пен манипуляция құрбандарымен жұмыс» тақырыбында «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің педагог-психологы Кистаубаева Куляш Рымгалиевна практикалық жұмыс жүргізді. Психологтар рефлексия жасап, өз ойларымен бөлісіп, білімдерін тереңдетіп, қоржындарын толтырып, ризашылықпен қайтты.