Встречи с ветеранами к 36-летию окончания Афганской войны

Встречи с  ветеранами  к 36-летию окончания Афганской войны

   Аудандық  білім бөлімінің  қолдауымен  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен  шығарылуының 36 жылдығына  орай білім бөліміне  қарасты  барлық білім мекемелерінде Ауған  соғысының ардагерлерімен, әскери қызметкерлермен кездесулер ұйымдастырылуда.

   Іс-шараны АӘД жетекшілері  жүргізіп,қонақтарды  таныстырып, кездесулер бастау  алды.

   Мақсаты:Ауған соғысының тарихи мағынасын түсіндіру.Жауынгер ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа,Отанын сүюге  тәрбиелеу болды.

   Жауынгер ағаларымыз өз ойларымен бөлісіп ,оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Қонақтар барынша бастарынан өткен жағдайларды әңгімелеп, оқушыларды өз  Отанының патриоты  болуға  шақырды.

   Өткен іс-шараны  мектеп әкімшіліктері қорытындылады.

   Іс-шаралар өз дәрежесінде,өте тартымды болды.