
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жаңа оқу жылының қарсаңында мектептерге өз демеушілігін білдіріп отырған кәсіпкерлеріміз бар . Бұл іс-шараның мақсаты - балаларды білім ордасына дайындауда ата- аналарға қолдау көрсету.Осы орайда Аягөз ауданы , Ақтоғай кентінде
TOO “KAZ Minerals Aktogay” генеральный директор Энтони Тоддтың бастамасымен мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына жалпы алғанда әлеуметтік жағдайына байланысты 256 оқушыға 2 млн 628096 теңге көлемінде оқу құралдары мен сөмке табысталды. Ата-аналарға алдын ала хабарландыру жасалып, демеушіміз берген оқу-құралдары таратылды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде TOO “KAZ Minerals Aktogay” өз көмектерін көрсетуде .Өз тарапымыздан алғысымызды білдіреміз . Алдағы уақытта акция аясында игі істер жалғасын тапсын дегіміз келеді. «Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. #АбайОблысыБілімБасқармасы