
2024 жылдың 10 қыркүйек күні Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н. Т. Азимбаев "Мектеп жанындағы интернаты бар Ақши жалпы орта білім беретін мектебі"КММ ұжыммен кездесу өткізді. Кездесу барысында балалардың қауіпсіздігі бірінші орында екендігіне тоқтатылды. Білім алушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, ата-анамен тығыз қарым - қатынаста болу, мектеп ішіндегі ішкі тәртіп пен ахуалды ұстауды қатаң ескертті. Педэтика жөнінде, мұғалімдердің жүктемесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ұстаздарға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, жаңашылдықпен жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар мектеп асханасының жұмысы мен жылыту жүйесінің қысқа дайындығын тексерді.