Семей қаласында Республикалық пікірсайыстың турнирінің облыстық кезеңі өтті.

Семей қаласында Республикалық пікірсайыстың турнирінің облыстық кезеңі өтті.

   2024 жылдың  7-8 қыркүйек күндері білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс – әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында Семей қаласында Республикалық пікірсайыстың турнирінің облыстық кезеңі өтті. Бұл турнирде облыстық және аудан мектептерінен 19 фракциядан құралған  58 спикер бақтарын сынады.  Оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде қатысып, қазақ лигасында ауданымыздың намысын №7ЖОББМ және К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясысының дебат командалары қатысты.

   "К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп - гимназиясы"КММ-ның "Твикс" фракциясы жүлделі 3- орынға ие болды. 9, 10 сынып оқушылары Жолдыханова Айғаным,  Болатова Ақерке, Ғабитова Зере . Жетекшісі: Серикбаев Ермек Мизамбекұлы. Құттықтаймыз.

#мендебатермын

#ядебатер

#абай облысы дебат

#аягоздебат

#пікірсайыс

@abai_bilim_basqarmasy

@rspc_daryn

@rumcdo_official