
Абай облысы "Аягөз ауданы білім бөлімі" ММ оқу, ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес,« Қалалық қазақ мектеп-лицейі»КММ базасында 2024 жылдың 28 наурыз күні әдіскер А.О.Санкайбаеваның ұйымдастырумен «Қысқа мерзімді жоспарда қалыптастырушы бағалауды жүйелі жүргізу» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға аудан бойынша 35 мектептен 46 химия және биология пән мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: Мұғалімдерге қысқа мерзімді жоспарда қалыптастырушы бағалауды жүйелі жүргізу жолдарын үйрете отырып, оқу үрдісінің сапасын жоғарлату.
Семинарда «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ химия пәнінің мұғалімі-К.М.Бастосова, биология пән мұғалімдері-Г.Ж.Мухамедярова,К.С.Садуакасова, "К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы"КММ химия және биология пән мұғалімі-Н.С.Чалгинбаева, «Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ химия пән мұғалімі-А.Т.Кабдолданова шеберлік сынып көрсетіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінен оң баға алды. Семинар барысында қалыптастырушы бағалау жүргізудің оңай және ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсынды.