Тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар

Тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар

  2024 жылдың наурыз айының 28-ы күні «№ 10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-де Аягөз аудандық білім бөлімі  оқу, ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің тарих және география пәні әдіскері М.Т.Коккозованың  ұйымдастыруымен көктемгі каникулда  өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік отырысы  өтті.

  Мақсаты:дарынды, қабілетті оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру,оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану жолдарын ұсыну.

  Отырыс барысында М.Т.Коккозова «Дарынды балалармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері» атты әдістемелік отырыста күн тәртібімен таныстырды:

1.Қазақстан тарихы пәнінен пәндік олимпиадаға  дайындау барысынды картамен жұмыс жасау жолдары.

Баяндамашы: Смагулов Мухтар Кабдулмаратович .

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің 

«№ 10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ.

2.«Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау»

Баяндамашы:  Жолбарысов Мерей Берікқазыұлы.

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

3.Өлкелік компонеттердің ғылыми жоба жазу барысындағы маңызы Баяндамашы:  Тұмақбаева Дана Қанатқызы

 Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

4.TEDX форматы арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Баяндамашы:  Рашитова Ұлжан Рашитқызы.

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ

  1. Әр-түрлі мәселелер.

   Мұғалімдер  өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамаларымен таныстырды. Жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Ғылыми жоба жазу көрсеткішін көтеру  жолдарын ұсынды. Пәндік олимпиадаларға дайындықты жүйелі түрде қолға алуды талап етілді. Бүгінгі әдістемелік отырыстан әрбір мұғалім өзінің  сұрақтарына жауап алып,  практикаларында қолданады деп сенеміз.

#Апқо_абай_облысы_аягөз

#Біртұтас_тәрбие_абай_облысы_аягөз

#abai_kanikul_koktem