"Мерейлі ұстаз"

"Мерейлі ұстаз"

    2024 жылдың 21 ақпанында "Мерейлі ұстаз" жобасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілік деңгейін жетілдіру мен көмек көрсету мақсатында Аягөз ауданының педагог-шеберлері  облыстық деңгейде  іс-тәжірибесімен бөлісті.

   Алдабергенова Анар Кадирсизовна, Аягөз ауданы білім бөлімінің «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-шебер А.К.Алдабергенова «How to improve speaking skills» тақырыбында облыстың ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен шеберлік сыныбын өткізді. Сынып мақсаты ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сөйлеу дағдыларын дамыту. Шеберлік сыныпта Анар Кадирсизовна мен Бахтигуль Задахановна бірігіп бастап жатқан “Speaking club”  жобасымен таныстырды.  Жоба жоспары мен іс-шаралардың артықшылықтары мен осал түстарына тоқталып кетті. Сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған мұғалімдерге кеңестер мен сілтемелер ұсынды.

    Асылханова Бахтигуль Задахановна Аягөз ауданы, «С.Ғаббасов атындағы ЖОББМ» КММ-нің ағылшын тілі пән мұғалімі, СЕЛТА сертификатталған, педагог-шебер  Шеберлік класстың тақырыбы - "Ересектердің сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары".

   Оның мақсаты-әр түрлі сөйлеу әрекеттері арқылы сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында басқа мұғалімдермен озық тәжірибелермен бөлісу. Шеберлік-класс барысында сөйлеу дағдыларын жетілдірудің әр түрлі тәсілдері көрсетілді, мысалы, айтылым, грамматика және лексика сияқты негізгі аспектілерге назар аудару, тіл алмасу серіктесімен үнемі сөйлесу практикасын жасау, мағыналы қарым-қатынас жасау үшін тілдік үйірмелерге қатысу немесе сөйлесу топтарына қатысу және ағылшын тілінде сөйлейтіндермен байланыс орнату, фильмдер, телешоулар, подкасттар және музыка сияқты ағылшын тілді бұқаралық ақпарат құралдарымен өзіңді қоршау, шешендік өнер үйірмелеріне қосылу және нақты өмірлік жағдайларда кейбір грамматикалық үлгілерді жаттықтыру үшін рөлдік ойындар мен әңгімелесу сценарийлерін пайдалану. Сондай-ақ, спикер интернет байланысы жоқ немесе нашар шалғайдағы ауыл мұғалімдерге  сөйлеуді жақсартудың кейбір жолдарын көрсетеді.