Ата –аналармен жиналыс, жоғары сынып оқушыларымен кездесу

Ата –аналармен жиналыс, жоғары сынып оқушыларымен кездесу

  17.01.2024 жылы Аягөз ауданы білім бөлімі басшысы Н.Азимбаев білім мен тәрбиенің өзекті мәслелелрі бойынша Айғыз және Нұғыманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептеріне іс-сапармен барды. Ата –аналармен жиналыс, жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

  «Біртұтас тәрбие», «Даналық мектебі» бағдарламалары тақырыбында және басқа да әр-түрлі мәселелер бойынша әңгіме жүргізді. Гепатит «А» ауруының алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауды, каникул уақытында алыс-ағайын туыстарға бармауды ұсынды. ҰБТ –ның жаңа форматы, мамандық таңдау, кәсіби бағдар туралы айтты.

   Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігіне баса назар аудару керектігіне тоқталды. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын да қабылдады. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз

#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз