
16.01.2024 жылы Аягөз ауданы білім бөлімі басшысы Н.Азимбаев білім мен тәрбиенің өзекті мәслелелрі бойынша Ақшәулі, Шыңқожа , Мыңбұлақ мектептеріне іс-сапармен барды. Ата –аналармен жиналыс, жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
«Біртұтас тәрбие», «Даналық мектебі» бағдарламалары тақырыбында және басқа да әр-түрлі мәселелер бойынша әңгіме жүргізді. Гепатит «А» ауруының алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауды, каникул уақытында алыс-ағайын туыстарға бармауды ұсынды. ҰБТ –ның жаңа форматы, мамандық таңдау, кәсіби бағдар туралы айтты.
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігіне баса назар аудару керектігіне тоқталды. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын да қабылдады. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз