
2024 жылдың 3 қаңтар күні "Көпбейінді қалалық қазақ мектеп гимназиясы"КММ-де қысқы каникул уақытында оқу ғылыми,ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Оқу-тәрбие үдерісінің барысы мен нәтижесі туралы ақпарат алу тәсілі » атты дене шынықтыру пәні мен көркем еңбек ұстаздарына "Шеберлік сабаты" атты семинар өткізілді. № 1 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Э.Ниханбаева "Заман талабына сай денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып,ұстаз көрсетілімі арқылы оқушылардың негізгі қозғалысын,күш қуатын арттыру" және мектеп гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш.Каджиакпарова "Замануи сабақ беру тәсілдері" атты семинарда дәріс берсе, көркем еңбектен мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің Б.Оразғожина "Сүйектен кәдесый заттары",№ 5 орта мектебінің көркем еңбек мұғалімі Ә.Конырбаева "Киізді құрғақ басу ерекшеліктері" , №1 орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Р.Кулатаев "Үй интерьері мен дизайны" атты шеберлік сабақарын өткізіп,дене шынықтыру пәні мен көркем еңбек пәндері мұғалімдері білім қоржынжарына талай мағлұмат алып қайтты.