
2024 жылдың 3 қаңтар күні "№1 жалпы орт абілім беретін мектебі"КММ-де қысқы каникул уақытында Аягөз ауданы білім бөлімі оқу ғылыми,ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Оқу-тәрбие үдерісінің барысы мен нәтижесі туралы ақпарат алу тәсілі » атты тарих және география пәнінің мұғалімдеріне "Шеберлік сағаты" өткізілді.
Іс шара барысында спикерлер:
Тарих пәні бойынша:
№ 3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі -А.Б. Абдилдинова «Тарих пәнінен ЕБҚ оқушылармен жұмыс тәсілдері»,
Б. Майлин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі - С.Ч. Ахметова «Тарих сабағында көрнекілік құралдардың көмегімен оқушылардың қызығушылығын ояту және есте сақтау қабілетін жақсарту»,
С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі –А.С. Сыдыкова «Тарих сабағында оқушылардың интеллектісін дамытуға, есте сақтауға ықпалын тигізетін платформалар»
№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі - Л.Т.Молдашева «АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА, тарих сабағында өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру».
География пәні бойынша:
Қалалық қазақ мектеп-лицейі-М.Е.Узбеканова «Сабақты тиімді жоспарлау - табысты оқытудың кілті »,
№ 3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі-А.К. Оразалинова «Су ресурстарының экологиялық проблемалары (Ашық сабақта мақсатқа жету жолдары)»,
Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі- А.Б.Нукибаева
«География сабағында функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар» тақырыптарында тәжірибелі ұстаздар, баяндама жасап, жұмыс нәтижелерімен бөлісті.
«Шеберлік сағаттары»жоғары деңгейде өтті. Осындай мазмұны терең тәжірибе алмасу алаңы әлі де жалғасын табады.