«Оқу жылының қорытындысы. Жаңа оқу жылына қойылатын мақсат - міндеттер»

«Оқу жылының қорытындысы. Жаңа оқу жылына қойылатын мақсат - міндеттер»

      2023 жылы, 17 мамырда  Абай облысы білім басқармасы  «Аягөз ауданының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен  "К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ-нің базасында «Оқу жылының қорытындысы. Жаңа оқу жылына қойылатын мақсат - міндеттер»  тақырыбында Аягөз ауданы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларынның әдістемелік кеңесі ұйымдастырылды. Кеңеске 43 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты

      Әдістемелік кеңестің күн тәртібі бойынша  «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ басшысы  Н.Т.Азимбаев  «Білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелері"  тақырыбында баяндама жасады.

      Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Амреева «Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие саласының жылдық қорытындысы» бойынша есеп берді.

      «№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Д. Шакетова «Мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау және оған қойылатын талаптар»  тақырыбында  іс-тәжірибесімен бөлісті.

      Аудандық жалпы орта білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  тәрбие бағыттары бойынша  жылдық есеп жасады.

      Әдістемелік кеңестің қорытындысын Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу-ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы.Маликова жасады.  «Жаңа оқу жылына қойылатын мақсат – міндеттер» (Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері, мектептің дамыту бағдарламасы және мектепішілік бақылау жұмысы) тақырыбында  ақпараттық баяндама оқып, келер оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарымен жұмыс жасау жолдары туралы кеңес берілді.

      Әдістемелік кеңесте «SWOT» талдау жасалынып,  кері байланыс  беріліп, келген ұстаздар өз пікірлерімен бөлісті.  Қатысушылар  қоржындарына тәрбие бағыттары бойынша базалық білімдерің толтырып, ризашылықпен қайтты.