Методикалық көмек

Методикалық көмек

   Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ- де аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев, оқу- ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы.Маликова және әдіскерлер А.Е.Калива,  А.Е. Амреева, А.О.Санкайбаева, К.А.Тусипова әдістемелік - методикалық  көмек көрсету мақсатында іс-сапармен келді.

   Білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев 7-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдау бойынша жиын өткізді. Педагогтерді аттестациядан өткізу бойынша түсіндірме жұмысын сектор меңгерушісі бас маман А.Е.Калиева жүргізіп, педагогтерді мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Оқу- ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы.Маликова педагогтердің қазіргі заман талабына сай білім берудегі талаптармен таныстырып, бағыт- бағдар берді.