
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімі "Қалалық қазақ мектеп-лицейі"КММ-де 24.02.-1.03.2023 аралығында "Алғыс айту" күні аясында "Алғыс жүректен шығады", "Сіздерге мың алғыс", "Алғыс айту парыз", "1-Наурыз алғыс айту күні" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізіліп жатыр. Мақсаты: білім алушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.