
2022 жылдың 28 қаңтар күні білім бөлімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығынының ұйымдастыруларымен, № 9 бастауыш мектебінде шахматтан оқушылар арасында аудандық командалық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты:шахмат ойыны кезінде алған білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру, шахмат және шахмат ойыны туралы ойынның практикалық дағдыларын және тұтас түсінігін қалыптастыру, бір – біріне қарама-қарсы болған кезде, бірақ топаралық турнирлерде ұйымшыл команда ретінде әрекет ететін ұжымдастыру сезімдерін қалыптастыру, жаңа ғана ойналған партияны талдау кезінде көрінетін өзара көмек сезімін қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу-шахмат тақтасындағы қарсыласқа құрмет сезімін тәрбиелеу, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Аягөз ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығынының басшысы Б.Абеннің,ұжымының аудан көлемінде шахмат ойынын насихаттауда үлкен еңбегі орасан. Шахмат жарыстарын өткізуге үнемі ат салысуда.
Шахмат — логикалық ой өрісті машықтандыратын спорт түрі. Шахмат сөзі парсы тілінде "шах" патша, "мат" өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі саналады.
Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді орындайтын соғыс алаңы. Ойын кезінде егер шахматшы бірінші болып жүретін болса, онда ол ойынды бастау үшін 20 түрлі тәсілді пайдалана алады, ал қарсыласы жауап қайтару үшін 400 түрлі төтеп беру жолдарын қарастырмақ. Сол себептен шахматшылар әр қадамын байыппен орындайды.
Жарыстың бас төрешісі Ф.Усманов жарыстың өту тәртібімен таныстырған соң, командалар жарыс жолына шықты. Жиыны жарысқа 10 команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Жақсы ойын көрсетіп,І орынды «Ақши жалпы орта білім беретін орта мектебі»КММ-ң командасы (құрамында Нуржанұлы Сырым,Турсунов Елдос, Нуржанқызы Шырын) иеленді. ІІ орынды «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы»КММ-ң командасы (құрамында Сарсенов Арнур,Шаяхметов Мейіржан,Тулеухан Гульназ) иеленсе,ІІІ орынды «№ 3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі»КММ-ң командасы (құрамында Калибеков Мансур,Аскрбеков Бекболат, Халибекова Айша) иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімі С.Ысқақовтың кубоктарымен, медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!