
Абай облысының білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің "№8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 26.02.2026 жылы мектеп қабырғасында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Даналық мектебі" – "Әкелер мектебі" жоспарына сәйкес "Әкеден қалған өнеге – адамдықтың өлшемі" тақырыбында әкелер конференциясы ұйымдастырылып өткізілді.
Конференцияның мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін айқындау, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Аталған конференцияны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Кайрбаева жүргізді. Ол өз сөзінде бала тәрбиесіндегі әкенің орны ерекше екенін атап өтіп, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы ғана нәтижелі тәрбиеге жеткізетінін айтты.
Конференция барысында мектеп директоры А.А. Шумееваға сөз кезегі беріліп, ол әкенің өнегесі – баланың тұлғалық қалыптасуындағы басты өлшем екенін атап өтті. Сонымен қатар ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланыс сапалы білім мен саналы тәрбиенің кепілі екенін жеткізді.
Бастауыш сынып директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Дакеева «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында шағын баяндама жасап, әкенің мінез-құлық, жауапкершілік және өмірлік ұстаным қалыптастырудағы ықпалына тоқталды.
Іс-шара барысында:
🔹 тәрбиелік мәні бар бейнероликтер көрсетілді;
🔹 әкелермен сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды;
🔹 әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған рөлдік ойын өткізілді.
Жиын соңында мектеп психологы А.Д. Нурсеитова әкелерге арналған психологиялық-педагогикалық ұсыныстар жазылған жадынамалар таратып, бала тәрбиесінде тиімді қарым-қатынас орнату жолдары туралы кеңестер берді.
Конференция мазмұнды пікір алмасуға ұласып, әкелердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Бұл басқосу отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, әкенің өнегелі тұлға ретіндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана тәрбиелі, саналы, жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалыптастыра аламыз.