
«Келешек мектеп» 2025 жылдың 10 қыркүйек күні Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев мясокомбинат шағынауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық жаңа мектеп құрылыс барысын көріп қайтты.
Білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаевпен Абай облысының кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің Аягөз аудандық комитеті филиалының төрағасы Д.М.Казангапова мектеп ауласына алғаш рет шыршалармен талдардың отырғызылып жатқан сәтіне қатысты.
Білім бөлім басшысы құрылыс алаңын аралау кезінде нысандағы жұмыстардың қарқыны,сапасы және құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Мекеме «№11 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-і 2025 жылдың II тоқсанында пайдалануға берілу жоспарлануда.
Келешек мектептің жеке instagram парақшасы:
@ayagoz_keleshekmektebi_11