«Абай оқулары» сайысы

«Абай оқулары» сайысы

    2025 жылы мамыр айының 19 күні Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «С.Нұғымвнов атындағы ЖОББМ» КММ де Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай оқулары» сайысы өтті.

    Ұлттың рухани байлығы – білімінде,  ұстанар бағыты –  тәрбиесінде, ал білім мен тәрбиенің сарқылмас бұлағының көзі – мектепте. Мектеп – білім мен талантты шыңдар білім ордасы. Бойда білім мен таланты қатар ұштасқан оқушыларды қолдау қашанда басты назарда! 

    Кезекті Абай оқулары сайысына демеушілердің қолдауымен жүлделі орындарға алушыларға бағалы сыйлықтар  тарту етілді.

3 домбыра - 90 000 тенге

3 смартфон - 300 000 тенге

3 спорттық велосипед - 200 000 тенге

1 музыкалық аппарат - 8 000 тенге

    Сонымен қоса, қазақ ақын жазушыларының әдеби кітаптары, кілем және ақшалай сыйлықтар.

    Сайысқа 2-9 сынып аралығында әдебиетке жаны құмар оқушылар қатысты. Олардың сайысқа дайындықтары өте жоғары деңгейде болды. Оқушылардың сайысқа қатысуы мен дайындықтарын қадағалап, сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан мектеп кітапханашысы Өркен Хасенқызы. 

Сайыс нәтижелері: 

Бастауыш сыныптар арасында:

1- орын Хасен Исахан 4 сынып 

2-орын Бейсенбек Гүлдана 3 сынып 

3 - орын Серікжан Нұркелді 2 сынып 

Орта буын оқушылары арасында: 

1-орын Суатов Ислам 5 сынып

2- орын Сеилхан Бибінұр 5 сынып

3- орын Хумай Аяжан 6 сынып

Жоғары сыныптар арасында:

1-орын Торкина Руслана 8 сынып 

2-орын Сеилхан Айшабибі 9 сынып 

3- орын Сәкенова Ақбөпе 9 сынып

   Айта кетсек, сайыстың ең кіші қатысушысы Хумай Диляра 5 жаста Абай Құнанбайұлының 10 өлеңін жатқа оқып, жүлделі сыйлыққа ие болды.

   Шәжірелі тарихы бар ауыл мектебінде жыл басынан ауқымды шаралар жоғары деңгейде өткізілуде. Айта кетсек, мектепке демеушілер тарапынан қолдау үнемі көрсетіліп отырады. Бүгінде демеушілер тарапынан жиналған қолдау  шамамен 700 000 мың теңгені қамтиды. Демеушілердің басым бөлігі мектеп түлектері, ата-аналар мен мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары. Жиналған қаражат немесе құрал жабдықтар мектеп басшылығының шешімімен тиімді игеріліп, оқушыларға жайлы орта қалыптастыруда!