2023 жылы 19-20 желтоқсан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға жалпы 462 оқушы қатысты. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша-217, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша-245 оқушы қатысты.
Олимпиаданың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Азимбаев Нұрғали Тлекқалиұлы және облыстық "Дарын"орталығының үйлестірушісі Анаргүл Сағатбекқызы білім додасына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Адалдық алаңын сақтау мақсатында әр сыныпта кезекші ата-аналар қатысты. Олимпиада жоғары деңгейде өткізілді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне қатысқан оқушылардың жұмыстарының скан вариантын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.
https://drive.google.com/drive/folders/1UjxSxElkkggueF2VMUtgVUGtToApfw80?usp=sharing