
1985 жылы 25 мамырда Аягөз ауданы Ақшатау ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің физмат факультетіне оқуға түсіп, 2007 жылы физика-информатика пәні мұғалімі дипломын алған.
2007-2013 жылдары Алматы қаласында №59 мектеп-гимназиясында информатика пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.
2013-2017 жылдары Алматы технико-экономикалық қатынас жолдары колледжінде физика пәнінің оқытушысы болып жұмыс жасады.
2018-2019 жылдары Алматы қаласында, Жетісу ауданының «Нұр Отан» партиясында кеңесші болып қызмет атқарды.
2019-2021 жылдары Алматы облысы, Қарасай ауданында «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.
2021-2025 жылдары Аягөз қаласында «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ-де информатика пәнінің мұғалімі болып, 2025 жылы қыркүйек айынан бастап Аягөз аудандық білім бөлімінің әдіскері болып еңбек етуде.