
17.03.1971 жылы бұрынғы Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Аягөз ауданында дүниеге келген. Шынғожа ауылында 1977 жылы 1-сыныпқа қабылданып,1980 жылы бастауыш сыныпты тәмамдады. Жалпы орта білімді 1988 жылы №58 қазақ теміржол мектебін бітірді.
1988 – 1992 жылдары М.О. Әуезов атындағы педагогикалық училищесінде мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша оқып, үздік дипломмен аяқтаған.
1998 – 2002 жылдары Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте, методика және бастауыш мектеп факультетінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын үздік дипломмен бітірді.
Алғаш еңбек жолын 1992 жылы Аягөз қаласындағы №58 қазақ теміржол мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.
1992-2013 жылдары №58 қазақ теміржол мектебі (қазіргі «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ) бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.
2014-2021 жылдары «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-інде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2021-2023 жылдары (қазіргі уақытта) Аягөз ауданы білім бөлімінде оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинет меңгерушісі болып қызмет атқаруда. - Қ.Р. БжҒ министрі А.Аймағамбетовтың «Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы педагогтар одағының «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
Дубай қаласында өткен халықаралық ғылыми зерттеу конференциясында іс-тәжірибесін бөліскені үшін «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды..