GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
08 октября 2026
Аягөз аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы 2026 жылдың 07 қазан күні сағат 11:00- де аудан әкімшілігінің кіші залында өтті.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.

          1.«Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасындағы жергілікті бюджетке түсетін түсімдер туралы».

Ақпарат беруші: аудандық  мемлекеттік кірістер  басқармасының басшысы - Р.Исаков.

  1. «Орталық ауруханада есепте тұрған қала, кент, ауылдық округ тұрғындарына тегін берілетін дәрі – дәрмек алу мәселесі туралы және 2026 жылда мекемеңіздегі денсаулық  сақтау саласының  атқарылған жұмыстары туралы»

Ақпарат беруші: Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының  Аягөз ауданының  көпсалалы  ауруханасының бас дәрігері  - Ш.Омаров

Ақпараттар.

            1.«Аягөз аудандық көпсалалы орталық ауруханасы комплеанс – офицерінің 2026 жылдың өткен кезеңінде  атқарған жұмыстарының нәтижелерін  қарау»

          2.«Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің 2026 жылы 1 жартыжылдығының қорытындысы».

          3.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы.

          Отырыстың бірінші мәселесі барысында  кірістер басқармасының басшысы жергілікті бюджетке түсетін кірістер туралы баяндады. Бірнеше салықтан жалтарып жүрген фактілер анықталып, тиісті шаралар қолданылғанын баяндады.

          Отырыстың екінші мәселесі бойынша  аурухананың бас дәрігері  орталық ауруханада есепте тұрған қала азаматтарының   тегін дәрі-дәрмек босату   туралы және денсаулық саласындағы атқарылған жұмыстары жөнінде  баяндады. 

            Сонымен қатар ЗУМ желісі арқылы «Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің 2026 жылы 1 жартыжылдығының қорытындысы» және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы мамандарының ақпараттары тыңдалды.

            Мекеме басшыларына Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

02 октября 2026
Абай облысы, Аягөз аудандық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін сайлау ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссиясынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы сайлау учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен белгіленген.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 30 қазанына  дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау  2026 жылғы 30 қазанына дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

 

                                                                                                            Аягөз аудандық мәслихаты

 

 

Ибрайшин Архат Алимгазинович  – Аягөз аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың тұрған орны: Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі 62.

Жауапты тұлға – Есполов Бакытжан Дарханович, қалааралық телефон коды (872237), 3-17-25, электрондық пошта мекен жайы maslihat_ur@mail.ru

 

Аудандық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия  мүшелерін сайлайды:

 

№ р/б

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссия

сы мүшелері

нің саны

1

2

3

4

1.                 

№ 198 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Маженов көшесі 1, «Аягөз локомотив жөндеу депосы» коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

2

2.                 

№ 201 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Қабанбай батыр көшесі 5/1,

Абай облысы  білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің  «№ 3 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2

3.                 

№ 203 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Әуэзов көшесі 23, Абай облысы  білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің  « № 1 қалалық аралас жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

4.                 

№ 204 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Абай бульвары 12,  Аягөз ауданының ішкі саясат,  мәдениет, тілдерді датыму, деңешықтыру және спорт бөлімінің  «Қозы Көрпеш – Баян сұлу мәдениет үйі» коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

1

5.                 

№ 205 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Момышұлы көшесі 60,  Абай облысы  білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің  « № 9 Аягөз қалалық аралас бастауыш  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

6.                 

№ 207 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Абай бульвары 47 б көшесі, «Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

7.                 

№ 209 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Кабанбай батыр көшесі 23, Абай облысы  білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің  «№10 қалалық қазақ  мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

8.                 

№ 211 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Оңтүстік қалашық 4, Абай облысы  білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің  « № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

9.                 

№ 216 учаскелік сайлау комиссиясы

Қопа ауылы, Қопа ауылдық округі,  «С.Сейфуллина атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебі» ғимараты

1

10.              

№ 219 учаскелік сайлау комиссиясы

Ақшәулі ауылы, Ақшәулі ауылдық округі, Ақшаулі ауылдық клубы коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

1

11.              

№ 221 учаскелік сайлау комиссиясы

Мыңбұлақ ауылы, Мыңбұлақ ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылдық клубы коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

4

12.              

№ 227 учаскелік сайлау комиссиясы

Ақши ауылы, Ақши ауылдық округі, «Қозы- Ақши ауылдық клубы коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

2

13.              

№ 238 учаскелік сайлау комиссиясы

Айғыз ауылы, Айғыз ауылдық округі,  Айғыз  ауылдық клубы коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

1

14.              

№ 241 учаскелік сайлау комиссиясы

Бидайық ауылы, Бидайық ауылдық округі, Абай облысы  білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің  «М.Әбеулов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

15.              

№ 242 учаскелік сайлау комиссиясы

Мәдениет ауылы, Мәдениет ауылдық округі, Мәдениет  ауылдық клубы коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

1

16.              

№ 243 учаскелік сайлау комиссиясы

Емельтау ауылы, Емельтау ауылдық округі, Емельтау  ауылдық клубы коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

1

17.              

№ 248 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Танірберген көшесі 68,  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай ауданының полиция басқармасының Аягөз ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

18.              

№ 249 учаскелік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Рахимова 1А, Танірбергенова 47, Абай ауданы денсаулық сақтау басқармасының «Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты, «Қазуғұл» мекемесі

1

19.              

№1 округтік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Уәлиханов көшесі, № 18д үй, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

20.              

№ 6 округтік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Байтұрсынов көшесі, № 22 үй, «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

21.              

№ 8 округтік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Оңтүстік қалашық, № 4 үй, «№ 4 аралас жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

 

1

22.              

№ 9 округтік сайлау комиссиясы

Аягөз қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 5/1 үй, «№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

02 октября 2026
Қала мектептері мен балабақшаға Қоғамдық бақылау

        2026  жылдың 01 қазанында Аягөз аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.Сыздықов және  Қоғамдық кеңес жұмыс тобының мүшелері  Н.Сильчукова және Р.Нурсултанова қаламыздағы жалпы білім беретін  №1, №2, №4,  №6,   мектептерін және №2 бала – бақшаны арлап шықты. Жұмыс тобының мүшелері жоғарыда аталған мектептердің және бала-бақшаның асханаларын, ас мәзірін және тазалық бөлмелерінің (әжетхана) жағдайымен  танысып қайтты.

          Сонымен қатар,  мектептер мен балабақша ас мәзірі және тазалық бөлмелері  бойынша мекеме әкімшілігіне   ұсынымдар айтылып, кішігірім  ескертулер жасалды.

29 сентября 2026
Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10/168-VІІІ «Аягөз аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ

 

АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫ

ШЕШІМ

 

 

 

ОБЛАСТЬ АБАЙ

 

АЯГОЗСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

РЕШЕНИЕ

 

 

Аягөз қаласы                                                                                               город Аягоз

 ___2026____ж. 28 қыркүйек                                                              № 39/ 683 -VIІI

Аягөз аудандық мәслихатының

2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10/168-VІІІ

«Аягөз аудандық аумақтық және

учаскелік сайлау комиссияларының

мүшелерін сайлау туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  10 және 19 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6 бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты   ШЕШТІ:

1.Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы  №10/168-VІІІ «Аягөз аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Аягөз аудандық учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің  міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш беруіне байланысты сайланған комиссия құрамынан қосымшаға сәйкес босатылсын. 

2.Аягөз аудандық мәслихат аппараты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына Заң талаптарына сәйкес сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауға тиісті іс-шаралар қабылдасын. 

3.Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Аягөз аудандық

мәслихат төрағасы                                                                         А.Ибрайшин

 қосымша Аягөз аудандық мәслихатының

2026 жылғы   28 қыркүйектегі

№   39/683 -VІІІ шешімімен бекітілген

№

с/у

Аягөз ауданы бойынша міндетінен босатылған учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің тізімі

№ 198 учаскелік сайлау округі

Ибрайханова Гульжан Толеухановна

«Аягөз-Намыс»  аудандық, ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы

№ 198 учаскелік сайлау округі

Кұсайынова Тоғжан Дәулетқызы

«Қазақстан халық партиясы» ҚБ

№ 201 учаскелік сайлау округі

Өмірбаева Арай Төленбекқызы

«Аягөз-Намыс»  аудандық, ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы

№ 201 учаскелік сайлау округі

Токенова Толкын Еркиновна

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Аягөз аудандық филиалы

 

№ 203 учаскелік сайлау округі

Ахметжанова Балжан Бахтыбековна

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Аягөз аудандық филиалы

 

№ 204 учаскелік сайлау округі

Байгутдинова Галия Тургамбаевна

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Аягөз аудандық филиалы

 

№ 205 учаскелік сайлау округі

Сергазина Гульдана Адамбековна

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы»

 

№ 207 учаскелік сайлау округі

Нурмагамбетова Злиха Муафиковна

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Аягөз аудандық филиалы

 

№ 209 учаскелік сайлау округі

Қыдырбергенова Толайым Ерланқызы

«Бәйге ұлттық ат спорты» ҚБ Аягөз аудандық федерациясы

№ 211 учаскелік сайлау округі

Керимова Рауза Оразбаевна

«Рауан» ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы ҚБ

№ 216 учаскелік сайлау округі

Тусупханова Сауле Кайратхановна

«Аягөз-Намыс»  аудандық, ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы

№ 219 учаскелік сайлау округі

Жолдыбаев Кайдар Амангельдинович

«Қазақстан халық партиясы» ҚБ

№ 221 учаскелік сайлау округі

Сыгаев Ардак Гизотоллаевич

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің   Аягөз аудандық филиалынан

№ 221 учаскелік сайлау округі

 

Раимбекова Алия Аленовна

«Қазақстан халық партиясы» ҚБ

№ 221 учаскелік сайлау округі

Ибраева Назгуль Бауыржановна

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы»

 

№ 221 учаскелік сайлау округі

Сейтбазаров Ержан Еркінбекұлы

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Аягөз аудандық филиалы

 

№ 227 учаскелік сайлау округі

Ахметжанов Аскербек Токенович

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Аягөз аудандық филиалы

 

№ 227 учаскелік сайлау округі

Сұраншиева Маржан Бердібекқызы

«Аягөз-Намыс»  аудандық, ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы

№ 238 учаскелік сайлау округі

Ракымжан Ербол Ракымжанұлы

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің   Аягөз аудандық филиалынан

№ 241 учаскелік сайлау округі

Нагашбеков Адилет Кайратович

«Қазақстан халық партиясы» ҚБ

№ 242 учаскелік сайлау округі

Базарбай Ақерке Сатыпалдықызы

«Аягөз-Намыс»  аудандық, ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы

№ 243 учаскелік сайлау округі

Жолдыбалина Айгуль Бейсенбековна

«Рауан» ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы ҚБ

№ 248 учаскелік сайлау округі

Мусапырбекова Шолпан Амангазыевна

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің   Аягөз аудандық филиалынан

№ 249 учаскелік сайлау округі

Искаков Аманжол Сейлбекович

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің   Аягөз аудандық филиалынан

 



29 сентября 2026
Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21/423-VІІ «Аягөз аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

АБАЙ ОБЛЫСЫ

 

АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫ

ШЕШІМ

 

 

 

ОБЛАСТЬ АБАЙ

 

АЯГОЗСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

РЕШЕНИЕ

 

 

Аягөз қаласы                                                                                               город Аягоз

  ___2026____ж. 28 қыркүйек                                                              № 39/ 682 -VIІI

Аягөз аудандық мәслихатының

2023 жылғы 16 қаңтардағы №21/423-VІІ

«Аягөз аудандық округтік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  10 және 19 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6 бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты   ШЕШТІ:

  1. Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21/423-VІІІ «Аягөз аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 Аягөз аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш беруіне байланысты сайланған комиссия құрамынан қосымшаға сәйкес босатылсын. 

  1. Аягөз аудандық мәслихат аппараты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына Заң талаптарына сәйкес сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауға тиісті іс-шаралар қабылдасын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аягөз аудандық

мәслихат  төрағасы                                                                     А.Ибрайшин

 

қосымша Аягөз аудандық мәслихатының 2026 жылғы  28  қыркүйектегі

№   39/682 -VІІІ шешімімен бекітілген

№

с/у

Аягөз ауданы бойынша міндеттерінен босатылған округтік сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерінің тізімі

№1 округтік сайлау комиссиясы

Мухаметжанов Даулет Кусайнович

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Аягөз аудандық филиалы

 

№6 округтік сайлау комиссиясы

Ахатова Мансия Какеновна

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің   Аягөз аудандық филиалынан

№ 8 округтік сайлау комиссиясы

Тастанбеков Кайрат Турсунович

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің   Аягөз аудандық филиалынан

№ 9 округтік сайлау комиссиясы

Аязбекова Дария Сериковна

«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Аягөз аудандық кеңесі» ҚБ «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Семей аумақтық кеңесі»

 

 

 

 

29 сентября 2026
2026 ЖЫЛДЫҢ 28 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКTІ ХХХIХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессия жұмысынаАягөз ауданының әкімі Нұғымаров Айбек Серікболұлы, дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және 13 депутаттан 9 депутат қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.Аудан әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы

2.Аягөз аудандық жастар орталығының атқарып жатқан жұмысы мен алға қойған жоспары туралы

3.Әр түрлі.

          Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

28 сентября 2026
2026 жылдың 30 қыркүйекте сағат 15:00-де өтетін Аягөз аудандық мәслихатының кезекті XXХIХ сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйекке сағат 15:00-ге ауыстырылатындығын хабарлаймыз.

Күн тәртібі:

1.Аудан әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы

2.Аягөз аудандық жастар орталығының атқарып жатқан жұмысы мен алға қойған жоспары туралы

3.Әр түрлі.

22 сентября 2026
Аягөз аудандық мәслихатының кезекті XXХIХ сессиясы 2026 жылдың 30 қыркүйекте сағат 15:00-де аудандық әкімшіліктің кіші залында өтеді.

Күн тәртібі:

1.Аудан әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы

2.Аягөз аудандық жастар орталығының атқарып жатқан жұмысы мен алға қойған жоспары туралы

3.Әр түрлі.

09 сентября 2026
2026 ЖЫЛДЫҢ 09 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКTЕН ТЫС ХХХVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессия жұмысына 13 депутаттан 9 депутат қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.«Аягөз аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

07 сентября 2026
Аягөз аудандық мәслихатының кезектен тыс XXХVIII сессиясы 2026 жылдың 09 қыркүйекте сағат 11:00-де аудандық әкімшіліктің кіші залында өтеді.

Күн тәртібі:

  1. «Аягөз аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

2.Әр түрлі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы