Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10/168-VІІІ «Аягөз аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  10 және 19 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6 бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты   ШЕШТІ:

  1. Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 10/168-VІІІ «Аягөз аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 Аягөз аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш беруіне байланысты сайланған комиссия құрамынан қосымшаға сәйкес босатылсын. 

  1. Аягөз аудандық мәслихат аппараты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына Заң талаптарына сәйкес сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауға тиісті іс-шаралар қабылдасын.

3. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
27 декабря 2024