Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2022 жылғы 19 шілдесінен01 тамызға дейін Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының
9-бабы негізінде, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Абай облысының Қоғамдық кеңесіне 33 (отыз үш) адам: конкурссыз мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерінен 10 адам және 23 адамды конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан тұратын жаңа құрамын сайлау бойынша конкурс жариялайды.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен өтініштер қолма-қол береді немесе Абай облысы мәслихатының электрондық поштасына жібереді. Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңа құрамын сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін облыс аумағында тұратын және жұмыс істейтін азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар шақырылады.

         Конкурсқа қатысу үшін:

         1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

         2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

         3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

         4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

         Ұсыныстар мен өтініштер 2022 жылдың 19 шілдесінен бастап 2022 жылдың 01 тамызға дейін қабылданады.

         Ұсыныстар мен өтініштер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Семей қаласы Қ. Мұхамедханов көшесі 8 үй, 202, 205қабинеттерде қабылданады немесеabaioblmaslihat@yandexkz электрондық поштасына жолдауға болады.

         Анықтамалар 52-04-13 телефоны бойынша беріледі.

         Ескертпе: "Қоғамдық кеңестер туралы" ҚР Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2022 жылғы 19 шілдесінен01 тамызға дейін Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды
Дата публикации
19 июля 2022