Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдаулар 2024 жылғы 18 қазанда сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 773 162 8750, кіру коды: caa123).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-16; +7 701 886 80 20.