«Қорқыт Ата әуежайы» АҚ әуежайдың реттелетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығы жайлы

«Қорқыт Ата әуежайы» АҚ әуежайдың реттелетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығы жайлы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлар саласындағы реттелетін қызметтерге тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді (тарифтерді оңайтылған тәртіппен бекіту).

         Жария тыңдаулар 2024 жылдың 5 тамызында сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы:
819 5912 1796, кіру коды: 066877).

         Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

         Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-19; +7 775 348 65 91.