«Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС-тың өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді

«Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС-тың өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді

«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС-тың Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді (тарифтерді оңайтылған тәртіппен бекіту).

Жария тыңдаулар 2024 жылдың 15 наурызында сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 376 151 8140, кіру коды: 123).

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-18; +7 701 767 50 56».